• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
07 Қаңтар, 2011

Депутаттардың үндеуі

529 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенаты еліміздің басты заң шығару органы депутаттарының республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттігін республикалық референдумда ұзарту мүмкіндігін қарастыратын Президенттің ҚР Конституциясына республикалық референдум мәселесі бойынша өзгеріс енгізу жөнінде референдум тағайындау туралы ұсынысын қолдайтын қаулы қабылдады. Қаулы арқылы сондай-ақ Парламенттің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа және Қазақстан Республикасының Конституциясына ұсынылған өзгерістерге Үндеу мәтіні мақұлданды. Үндеуде, атап айтқанда, былай делінеді: «Қа­зақ­стан Республикасының Парламенті Қа­зақстан Республикасы Конституциясы 54-бабы 2-тар­мағы­ның 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы және оны құ­ру­шы ретінде Сізге, Қазақстанды орнату және нығайту ісіне өл­шеу­сіз үлес қосушыға, біздің Отанымызды прогресс пен өркендеу жолымен сенімді алып келе жатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті және Ұлт Көшбасшысына референдумға мы­на­дай мәселе шығару арқылы: «Сіз Қазақстан Рес­пуб­ли­касының Конституциясына республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаевтың Президенттік өкілеттігін ұзарту мүм­кіндігін қарастыратын өзгерістер енгізу туралы Заң қабылдайсыз ба?» деген республикалық референдум тағайындау туралы бастамамен шығып отыр. Біздер, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстанның барлық халқы секілді біздің еліміздің табысты болашағын тек Сізбен және Сіздің есіміңізбен байланыстырады, делінген құжатта.