• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
02 Наурыз, 2016

Қарағанды облысында 29 ақпан күні 64 бала дүниеге келді

616 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 2 наурыз. Қарағанды облысында 29 ақпан күні 64 бала дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Cәбилердің арасында қыз балалардың саны басым. Бұл күні туылғандардың 28-і ұл болса, қыздардың саны – 36. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының айтуынша, өткен күн мен келер күннің арасындағы уақыт айырмашылығы үш сағаттан аспаса, сәбидің туған күнін 28 ақпан немесе 1 наурыз деп жазуға болады. Ал басқа жағдайда туған күнді ауыстыруға рұқсат берілмейді. Нақтырақ айтар болсақ, мысалы сәбиі 29 ақпан күні 23:00-де дүниеге келген ата-ана өтініш білдірсе, баланың туған күнін 1 наурызға ауыстыруға болады. Ал 29 ақпанда түс кезінде туылған сәбидің төл мерекесі өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қалады. Қайрат Әбілдинов. Дерек: Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Сурет: tck.tv.