АСТАНА. 2 наурыз. Мемлекет басшысы Locus Solutions компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, Ganeden Biotech атқарушы директоры Эндрю Лефковитцті қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесуге Locus Solutions директорлар кеңесінің мүшесі Джон Риа және Locus Solutions аға вице-президенті Кеннет Әлібек те қатысты.
Әңгіме барысында компанияның Қазақстандағы қызметі және компания әзірлеген, ауыл шаруашылығы мен мұнай-газ саласында өнімділікті айтарлықтай ұлғайтуға мүмкіндік беретін технологияларды қолдану мәселелері талқыланды.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.