• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2011

«Шевронның» шәкіртақылары

398 рет
көрсетілді

Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлт­тық техникалық универ­си­тетінің 60 студентіне «Шеврон» компа­ния­­сы­ның ар­наулы сти­пендиясын жеңіп ал­ғанын рас­тайтын сертификаттар тап­сы­рылды. Яғни, «Шеврон» компания­сы­ның әлем университеттерімен серіктестік бағдарламасы ая­сында ҚазҰТУ-дың ең үздік студенттері таң­далынып, олар­дың техника­лық маман­дықтар бойынша оқуы­на 21 жартылай және 39 то­лық стипендия бө­лінді. «Бұл бағдарлама Қазақ­станда 2007 жылдан бері жү­зеге асып келеді. Бұл Қазақ­стан­дағы ең маңызды мәселе­лер­дің бірі болып табыла­тын, респуб­лика­ның мұнай және газ сала­сын­дағы инженерлерді кә­сі­би да­йын­­дауға ба­ғыт­талған біздің бас­тама­­лары­мыздың бір бөлігі. Осы­лайша біздің «Теңіз­шев­ройл» бірлескен кәсіпорны­мызда жергілікті қыз­мет­керлер саны жалпы қызметкерлердің 84 па­йы­зын құрай­ды және әр дең­гейдегі басшылық қыз­мет­тердің 77 пайызын қазақстан­дықтар атқарады. «Шев­рон­ның» тағы бір кәсіпорны – Аты­рау поли­этилен құбырлар зауы­тында то­лық­тай Қазақ­стан азаматтары жұмыс істейді» деді – «Шеврон» компания­сының Қазақстан­дағы өкілдігінің бас­шысы Замира Қа­на­пиянова. Компания әлемнің 10 мемлекетіндегі 16 үздік оқу орын­дары­мен тығыз жұмыс істейді. Бағ­дарлама ая­сында «Шеврон» университеттерге жаңа оқу бағ­дарла­маларын енгізуге, мате­риал­­дық-техникалық базаны жақсартуға көмектеседі және үздік студенттерге гранттар мен стипендиялар береді. Осылайша, стипендиялық бағ­­­дарламаны жүзеге асыру бары­сында «Шеврон» ҚазҰТУ студенттеріне 150 стипендия бөлді. Білім беру бағдарламаларын қол­дау және дамыту «Шеврон» ком­паниясының әлеуметтік сая­са­ты­­­ның басты бағыты болып та­былады. Әр жылдарда компания Қазақстанның ҚМЭБИ, ха­лық­аралық бизнес ака­демиясы, Қазақ бас сәулет және құ­рылыс ака­де­миясы, Қазақ мемлекеттік бас­қару акаде­миясы, Қазақ ха­лық­­аралық қаты­настар және әлем тіл­дері университеті, Қа­зақ-Бри­тан техника­лық университеті, Қазақ мемлекеттік агро­техника­лық университеті, Қазақ мемлекеттік қыздар педа­гоги­калық университеті сияқ­ты жо­ғары оқу орындарына қол­дау көр­сетіп келеді. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы.