• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2011

Жыл басындағы жаңалықтар

447 рет
көрсетілді

Қоян жылын қарғалылықтар жарқын жаңалықтармен баста­ды. Мұнда жаңа жыл қар­саңын­да бірнеше жаңа нысандар пай­далануға беріліп, ауылдардың әлеуметтік жағдайын жақсарт­ты. Петропавловка ауылында республикалық «Ауыз су» бағ­дар­ламасы бойын­ша бөлінген 155 миллионнан астам қаржыға қайта жарақтанды­рылған су құбыры іске қосылды.Осы жұ­мысты жүргізген «Ақтөбе ар­нау­лы құрылыс құрастыру» ЖШС Шәмші Қалдаяқов атында­ғы ауылдың да су құбырын қайта жарақтандырды. Бұл құрылысқа 122 миллион теңге бөлінді. Рес­публикалық бюджеттен бөлінген 135,5 миллион теңгеден астам қар­жы Мамыт ауылында да ауыз су мәселесін шешуге алғышарт жа­сады. Сумен қамтамасыз ететін екі нысан құрылысы биыл аяқ­талады. Ауданда жаңа жыл қар­саңын­да көптеген жеке кәсіп­кер­лік ны­сандары ашылды. «Ақтөбе-Орск» халықаралық трассасы бойында 24 орындық «Родничок» кафесі пайдалануға берілді. Мұнда жо­лаушылар тынығатын үш бөлме бар. Осымен бір мезгілде аудан орталығы Бадамшада ашылған «Керемет» және «Бақдәулет» кафелері де тұтынушыларды қа­был­дай бастады. Мұнда келушілерге қала­дағы­дай жағдай жасалған. Кең де сәулетті кафелерде қызмет көр­сету мәдениеті де жоғары. «Альбина» жеке дүкені де қарғалы­лық­тарға жаңа жылдық тарту болды. Күрделі жөндеуден өткен ау­дандық өлкетану мұражайы да жа­ңа жылда келушілерге есігін ай­қара ашты. Бұрын бір-екі бөлмеде орналасқан мұражай күрделі жөн­деу­ден кейін адам танымастай өз­гер­ген. Ғимарат кеңейіп жаңа экс­понаттар қоюға мүмкіндік туды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.