• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №18-02/119

247 рет
көрсетілді

2015 жылғы 20 ақпан, Астана қаласы Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шiлдедегі Орман кодексiнің 13-бабының 18-33) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелуден кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3.Осы бұйрық ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі _____________ Қ. Қасымов 2015 жылғы 4 наурыз «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы 16 наурыз Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы №18-02/119 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қоры аумағында орманды пайдаланушылар сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізетін орындардағы өрт сөндіру құралдарының тиесілілік нормалары р/с № Өрт сөндіру құралдары Құрал-сайман саны Келетін адам саны Турбазаларда (демалушы 100 адамға шаққанда) 6-10 адам 10-30 адам 30 адамнан көп 1 Өнімділігі минутына/ 600-800 литрлік өрт сөндіру мотопомпалары, дана - - - 1 2 Күректер, дана 1 3 5 30 3 Балталар, дана 1 2 3 10 4 Сабалағыштар, дана 4 8 10 20 5 Қол аралар немесе бензин аралары, дана - 1 1 10 6 Арқаға іліп алатын орманда өрт сөндіргіш-бүріккіштер, дана 1 3 5 8 7 12 литр мөлшерінде суға арналған шелектер немесе резеңке ыдыс-тар, дана 1 3 5 30 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 15 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10727 болып енгізілді.