• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
03 Наурыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-4/66

303 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 қаңтар, Астана қаласы Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарды бекіту туралы «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7 бабы 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес бұйырамын: Қоса берiлiп отырған әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар бекiтiлсiн: 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекші ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі _____________Ә.Исекешев 2015 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________Б. Султанов 2015 жылғы « » «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы « » Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қантардағы №4-4/66 бұйрығымен бекітілген Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар 1. Жалпы ережелер 1. Осы әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптар (бұдан әрі – Фитосанитариялық талаптар) «Өсiмдiктер карантинi туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 7-бабының 1-тармағына 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдік карантинін қамтамасыз ету мақсатында карантинге жатқызылған өнімге (дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу, отырғызу немесе тұқымдық материалдарға, азық-түліктік және (немесе) техникалық мақсаттарға арналған жемістерге, көкөністерге және картопқа, тірі гүлдер мен қыш құмыра өсімдіктері кесінділеріне, ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін кенелерге, жұмырқұрттарға және тірі жәндіктерге, ағаш, буып-түйеу және бекітпе материалдарына), оның ішінде оның орамасына, заласыздандыруға және тасымалдауға қойылатын талаптарды айқындайды. 2. Карантинге жатқызылған өнімнің түрі Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасына сәйкес индентификацияланады 3. Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнім «Өсімдіктер карантині туралы» Заңның 7-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес бекітілген оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлер тiзбесiнде (бұдан әрі – Карантиндік объектілер тізбесі) көрсетілген карантиндік объектілерден бос болуы тиіс. 4. Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнім әкелуді жүзеге асыратын елдер тізімі осы Фитосанитариялық талаптардың қосымшасына сәйкес белгіленеді. Қазақстан Республикасының аумағына осы Фитосанитариялық талаптардың қосымшасына енгізілмеген елден карантинге жатқызылған өнім әкелінген жағдайда өнім иесі карантинге жатқызылған өнімді осы Фитосанитариялық талаптарға сәйкес келтіруді қамтамасыз етеді. 2. Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдеріне қойылатын фитосанитариялық талаптар 5. Әкелінген дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар: 1) ұн мен жармаларды қоспағанда, қайта өңдеу мен (немесе) сақтауға жіберіледі; 2) бидайдың үнді қара күйесі анықталған кезде кері қайтарылуға немесе жойылуға жатады; 3) карантиндік объектілер анықталған кезде иесінің таңдауы бойынша залалсыздандыруға немесе жоюға, ал иесі одан бас тартқан немесе оларды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қайтарылуға жатады. 6. Қазақстан Республикасының аумағына азық-түліктік, жемдік және техникалық мақсаттарға әкелінген дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдарды тұқымдық мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады. 7. Дәнді, дәнді-бұршақты дақылдардың қалдықтары: 1) тұқымның тіршілік қабілетін жоюды қамтамасыз ететін технология бойынша қайта өңделеді немесе жойылады; 2) шаруашылық құндылығы жоқтар – түсіру, сақтау немесе қайта өңдеу орындарында өртеу әдісімен жойылуға жатады. 8. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін олардың төгіліп-шашылуын болдырмау шараларын қамтамасыз ете отырып, кеме трюмдерінде, контейнерлерде, вагондарда тасымалдауға жол беріледі. Сақтауды жүзеге асыратын кәсіпорындардан қайта өңдеу кәсіпорындарына дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдарды автомобиль көлігімен тұтас металл ыдыстарда, оның ішінде контейнерлерде тасымалдауға жол беріледі. 9. Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдарды ыдысқа салынған күйде Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде ыдыс газ өткізетін болуы тиіс. 10. Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін кеме трюмдерінен түсіру кезінде су бетіне шашылуды болдырмайтын техникалық құралдар пайдаланылады. Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін көлік құралдарынан тек қатты жабыны бар (бетон, асфальт) алаңқайларға түсіруге жол беріледі. Капр қоңызы тараған елдерден шыққан кермекті жеткізу пункттерінде көлік құралдарынан түсіріп алуға көлік құралдарын өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды және міндетті түрде залалсыздандыруды жүргізгеннен кейін рұқсат етіледі. Вагондарды түсіру алаңдары шегінен шығаруға вагондардың сыртқы беттерін қоса алғанда, оларды астықтан және (немесе) оны қайта өңдеу өнімдерінен толық тазартқан жағдайда жол беріледі. 11. Түсіру алаңдарында және теміржол жолдарында пайда болатын дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдері шашырандыларын күнде алыстатып, тазарту қажет. 12. Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерін сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу үшін пайдаланылған көлік құралдары, ыдыстар, қойма үй-жайлары және жабдықтар қалдықтарды жоя отырып тазартылуға, ал қажет болған жағдайда залалсыздандырылуға жатады. 13 Жылына бір реттен кем емес залалсыздандыруға жататын дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар қойма үй-жайларына сақтауға және қайта өңдеуге келіп түседі. 3. Отырғызу немесе тұқымдық материалдарға қойылатын фитосанитариялық талаптар 14. Отырғызу немесе тұқымдық материалдарда: 1) экспорттаушы елдердің ұлттық карантиндік қызметтерінің фитосанитарлық сертификаты; 2) өнімнің атауы, шыққан елі, экспорттаушы және (немесе) кері экспорттаушы, өндірілген орны және (немесе) учаскесі туралы ақпараты бар таңбасы; 3) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау рәсімі аяқталғанға дейін бастапқы орамасы болуы тиіс. 15. Зертханалық сараптама нәтижелерін алғанға дейін отырғызу немесе тұқымдық материалды пайдалануға тыйым салынады. Зертханалық сараптама аяқталғанға дейін отырғызу немесе тұқымдық материал карантиндік объектілердің таралуын болдырмайтын жағдайларда ұсталуы тиіс. 16. Олардың иелерінің өтініштері бойынша ерекше ғылыми немесе басқа да құндылықтары бар үлгілерді қоспағанда, зертханалық сараптамадан өткен үлгілер өнімнің иесіне немесе оның өкіліне қайтарылмайды. 17. Тұқымдық картоп партиялары жаңа ыдыста оралған болуы тиіс. 18. Құмырадағы өсімдіктердің отырғызу материалдары және (немесе) тамыр жүйесі жабық өсімдіктер Қазақстан Республикасының аумағына карантиндік объектілерден бос қоректік субстратта әкелінуі тиіс. 19. Тамыр айналасында топырақ бар өсімдіктерді Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады. 20. Әкелінетін әсемдік, жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің (бүлдіргеннен басқа) отырғызу материалы қалыпты жай-күйде, жапырақсыз, гүлсіз және жеміссіз болуы тиіс. 21. Карантиндік объектілер анықталған отырғызу немесе тұқымдық материал партиялары иесінің қалауы бойынша залалсыздандырылуға немесе жойылуға, ал иесі бас тартқан немесе оларды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда – қайтарылуға жатады. Бұл ретте тек партияның залалданған бөлігі залалсыздандырылуы, қайтарылуы немесе жойылуы тиіс. Карантиндік объектілермен залалданған, ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар отырғызу немесе тұқымдық материалы иесінің өтініші бойынша интродукциялық-карантиндік питомникке зерттеуге берілуі мүмкін. Карантиндік объектілермен залалдану жойылғаннан кейін отырғызу немесе тұқымдық материал иесіне қайтарылады. 22. Тұқымдық картоп Карантиндік объектілер тізбесіне енгізілген саңырауқұлақты, бактериялық, фитоплазмалық, вирустық және жұмырқұртты ауруларды қоздырғыштардан бос аймақтарда, орындарда және (немесе) учаскелерде өндірілген болуы тиіс, ол фитосанитариялық сертификаттың «Қосымша декларация» деген бөлімінде тиісті ақпаратпен расталуы тиіс. 23. Шекілдеуікті, сүйекті және жаңғақ жемісті дақылдардың көшеттері, телітушілері және қалемшелері Карантиндік объектілер тізбесіне енгізілген өсімдік зиянкестерінен, саңырауқұлақтық, бактериялық, фитоплазмалық, вирустық және жұмырқұртты аурулар қоздырғыштарынан бос болуы және олардан бос аймақтарда, орындарда және (немесе) учаскелерде өсірілген болуы тиіс, ол фитосанитариялық сертификаттың «Қосымша декларация» деген бөлімінде тиісті ақпаратпен расталуы тиіс. 24. Импорттық отырғызу немесе тұқымдық материалмен жүргізілген егістер (отырғызулар) жыл сайын тексерілуі тиіс. Бұл жұмыстарды орындауды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың нұсқамалары бойынша жеке және заңды тұлғалар қамтамасыз етеді. 25. Отырғызу немесе тұқымдық материалдарды тасымалдау төгілуді болдырмау шараларын қамтамасыз ете отырып, орамада жүзеге асырылады. Бұл ретте бір орамада әртүрлі отырғызу немесе тұқымдық материалдардың болуына жол берілмейді. 4. Азық-түліктік және (немесе) техникалық мақсаттарға арналған жемістерге, көкөністерге және картопқа қойылатын фитосанитариялық талаптар 26. Жемістерде, көкөністерде және картопта: 1) өнімнің атауы, шыққан елі, экспорттаушы және (немесе) кері экспорттаушы, өндірілген орны және (немесе) учаскесі туралы ақпараты бар таңбасы; 2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау рәсімі аяқталғанға дейін бастапқы орамасы болуы тиіс. 27. Егер партиядан іріктеп алынған жеміс, көкөніс және картоп үлгісінде (үлгілерінде) карантиндік объектілер анықталса, бұл партия иесінің қалауы бойынша залалсыздандырылуға немесе жойылуға, ал иесі залалсыздандырудан немесе жоюдан бас тартқан немесе оларды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда – қайтарылуға жатады. Бұл ретте тек партияның залалданған бөлігі залалсыздандырылуы, жойылуы немесе қайтарылуы тиіс. 28. Картоптағы және (немесе) өзге де түйнекжемісті және тамыржемісті көкөністегі топырақ қосындысы өнім салмағының 0,5 пайызынан аспауы тиіс. 29. Жемістерді, көкөністерді және картопты әкелген кезде өсімдік тектес материалдардан жасалған төсенішті пайдалануға тыйым салынады. 30. Жемістерді, көкөністерді және картопты тасымалдау төгілуді болдырмау шараларын қамтамасыз ете отырып орамада жүзеге асырылады. Бұл ретте бір орамада әртүрлі жемістердің, көкөністердің болуына жол берілмейді. 5. Тірі гүлдер мен қыш құмыра өсімдіктері кесінділеріне, ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін кенелерге, жұмырқұрттарға және тірі жәндіктерге қойылатын фитосанитариялық талаптар 31. Тірі гүлдер мен қыш құмыра өсімдіктері кесінділерінде: 1) өнімнің атауы, шыққан елі, экспорттаушы және (немесе) кері экспорттаушы, өндірілген орны және (немесе) учаскесі туралы ақпараты бар таңбасы; 2) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау рәсімі аяқталғанға дейін бастапқы орамасы болуы тиіс. 32. Карантиндік объектілермен залалданған тірі гүлдер және қыш құмыра өсімдіктері кесінділерінің партиясы иесінің қалауы бойынша залалсыздандырылуға немесе жойылуға, ал иесі одан бас тартқан немесе оларды жүргізу мүмкін болмаған жағдайда – қайтарылуға жатады. Бұл ретте тек партияның залалданған бөлігі залалсыздандырылуы, жойылуы немесе қайтарылуы тиіс. 33. Хризантема (Chrysanthemum, Dendranthema) өндірілетін аймақ, орын және (немесе) учаске хризантема аскохитозасы Didymella ligulicola (K.F. Baker, Dimock & Davis) von Arx қоздырғышынан және хризантеманың ақ татын Puccinia horiana P. Henn. қоздырғышынан бос болуы тиіс, оны жөнелту алдындағы үш жыл ішінде жүргізілген зерттеу нәтижелері бойынша экспорттаушы елдің уәкілетті органы растауы тиіс. Бұл туралы фитосанитариялық сертификаттың «Қосымша декларация» деген бөліміне тиісті жазу жазылады. 34. Ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін кенелер, жұмырқұрттар және тірі жәндіктер картон жәшіктерге буып-түйілуі тиіс. Бұл ретте орама жолда жәндіктердің ұшып кету немесе жан-жаққа тарап кету мүмкіндігін болдырмауы және жәндіктердің дем алуына қажетті ауа баруын қамтамасыз етуі тиіс.Жолда жәндіктердің кукласынан немесе пупарилерден ерте шығуын болдырмау үшін жіберілетін картон жәшіктің ішін пенопластпен айнала қымтайды және буып-түю материалы арасын жалпақ консерві банкалары түріндегі арнайы құрғақ химиялық тоңазытқыштармен бітеп тастайды. 35. Тірі гүлдер мен қыш құмыра өсімдіктерінің кесінділері орамада тасымалданады. Орамада әртүрлі тірі гүлдер кесінділерінің немесе бір қыш құмыра өсімдіктері шоғын әкелуге жол берілмейді. 36. Кенелерді, жұмырқұрттарды және тірі жәндіктерді дәнді, дәнді-бұршақты, жемдік, майлы, техникалық дақылдармен және оларды қайта өңдеу өнімдерімен; жемістермен, көкөністермен және картоппен; отырғызу немесе тұқымдық материалдармен, тірі гүлдер мен қыш құмыра өсімдіктерінің кесінділерімен, ағаш, буып-түйеу және бекіту материалдарымен тасымалдауға жол берілмейді. 6. Ағаш, буып-түйеу және бекітпе материалдарына қойылатын фитосанитариялық талаптар 37. Қазақстан Республикасы аумағына әкелінетін ағаш, буып-түйеу және бекітпе материалы, оның ішінде жөнделген ағаш, буып-түйеу және бекітпе материалының бөлшектері: 1) залалсыздандырылған; 2) таңбаланған; 3) қабығынан аршылған болуы тиіс. 38. Ағаш, буып-түйеу және бекітпе материалының ылғалдылығы 20 пайыздан аспауы тиіс. 39. Таңба болмаған жағдайда ағаш, буып-түйеу және бекітпе материалын фитосанитариялық сертификат болған кезде және өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың нәтижелері бойынша әкелуге жол беріледі. 40. Залалсыздандыруға, қайтарылуға немесе жойылуға жататын ағаш, буып-түйеу және бекітпе материалы карантиндік объектілер анықталған сәттен бастап тиісті фитосанитариялық шаралар жүргізгенге дейін олардың таралуын болдырмайтын жағдайда сақталуы тиіс. Әкелінетін карантинге жатқызылған өнімге қойылатын фитосанитариялық талаптарға қосымша Қазақстан Республикасының аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу жүзеге асырылатын елдер тізбесі 1. Австралия мен Океаниядан (Австралия, Вануату, Кука аралы, Микронезия, Жаңа Зеландия, Жаңа Папуа Гвинея, Америка Самоасы, Шығыс Самоа, Батыс Самоа, Соломон аралдары, Фиджи, Тонга, Француз Полинезиясы): 1) дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі, тұқымдық және отырғызу материалы (Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды): Р/н № Атауы Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды 1 2 3 1. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз кокос жаңғақтары, бразилиялық жаңғақтар және кешью жаңғақтары 0801 2. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз басқа да жаңғақтар 0802 3. Күріш 1006 4. Қуырылмаған немесе басқа да тәсілдермен дайындалмаған, аршылған немесе аршылмаған, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған жержаңғақ 1202 5. Қара бидай 1002 6. Арпа 1003 7. Сұлы 1004 8. Жүгері 1005 9. Дәнді құмай 1007 10. Қарақұмық, тары және субидайықтың тұқымдары; өзге де дақылдар 1008 11. Бидай немесе қара бидай ұны 1101 12. Бидайдан немесе қара бидайдан басқа өзге де дақылдар дәндерінен алынған ұн 1102 13. Дақылдар дәндерінен алынған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер 1103-тен 14. 1006 тауарлық позициядағы күрішті қоспағанда, басқа да тәсілдермен өңделген дақылдар дәні (мысалы, қауызынан аршылған, жанышталған, үлпектерге қайта өңделген, жарма түрінде түйілген немесе ұнтақталған); бүтін, үлпектер түрінде жанышталған немесе тартылған дақылдар дәнінің ұрықтары 1104 15. Майда және ірі тартылған ұн мен 0713 тауарлық позициядағы кептірілген бұршақ тұқымдас көкөністерден алынған ұнтақ 1106 10 000 0 16. Қуырылған немесе қуырылмаған мия 1107 17. Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған қытайбұршақ бұршақбастары 1201 18. Копра 1203 00 000 0 19. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған зығыр тұқымдары 1204 00 20. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған рапс немесе кольза тұқымдары 1205 21. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған күнбағыс тұқымдары 1206 00 22. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған өзге де майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері 1207 23. Қыша тұқымдарынан басқа, майлы дақылдар тұқымдарынан немесе жемістерінен алынған майда немесе ірі тартылған ұн 1208 24. Егіске арналған тұқымдар, жемістер және споралар 1209 25. Өріктердің, шабдалылардың (оның ішінде нектариндер) немесе қара өріктердің сүйекшелері мен олардың дәндері; Сiсhоriuм intybus sativum түріндегі шашыратқының тамырлары 1212 99 950 0-ден 26. Кофеинді немесе кофеинсіз қуырылмаған кофе 0901 11 000-ден 0901 12 000-ден 27. Бүтін немесе ұнтақталған, шикi немесе қуырылған какао-бұршақтар 1801 00 000 0 28. Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинді қуырылған кофе 0901 21 000-ден 29. Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинсіз қуырылған кофе 0901 22 000-ден 1 2 3 30. Кофенің қауызы және кофе дәнінің қабықтары 0901 90 100 0 31. Егіске арналған будандық қант жүгерісі (Zea mays var. saccaharata) 0712 90 110 0 32. Кептiрiлген, аршылған, тұқым қабығынан тазартылған немесе тазартылмаған, уатылған немесе уатылмаған бұршақ тұқымдас көкөнiстер 0713 33. Түйіршіктелмеген тарна, жапырақты қызылша (мангольд), азықтық тамыржемістілер, пішен, жоңышқа, беде, эспарцет, азықтық қырыққабат, бөрібұршақ, сиыржоңышқа және осыларға ұқсас азықтық өнімдер 1214-тен 34. Дәнді дақылдардың түйіршік түріндегілерден басқа өңделмеген, ұсатылған немесе ұсатылмаған, тартылған немесе тартылмаған, нығыздалған сабаны мен топаны 1213 00 000 0-ден Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдері, тұқымдық және отырғызу материалы карантиндік объектілерінің тізбесі: Зиянкестер (Insecta): Ақ жиекті қоңыз – pantomorus leucoloma Boh., капр қоңызы – trogoderma granarium (Ev.), қытай дән қоңызы – callosobruchus chinensis L., төртнүктелі дән қоңызы – callosobruchus maculates F. Өсімдік ауруларын қоздырғыштар (Fungi): Оңтүстік жүгері гельминтоспориозы – cochliobolus heterostrophus Drech, күріштің бактериялы күйігі – xanthomonas oryzae pv. oryzae (Ishiyama) Swings et al, бидайдың шырышты бактериозы – clavibacter tritici (Carls et Vidav) Davis, жүгері диплодиозы – diplodia macrospora Earle, жүгері диплодиозы – diplodia frumenti (Ellet Ev), күріштің жолақты дағы – xanthomonas oryzae pv. oryzicola (Fang et al) Swings et al. Арамшөп өсімдіктері (арамшөптер) (Ruderais, herba): Жусан жапырақты ойраншөп – ambrosia artemisiifolia (L.), көп жылдық ойраншөп – ambrosia psilostachya (D.C.), қолтықты аюбадана – iva axillaries Pursh, жатаған укекіре – acroptilon repens (D.C.), тікенекті алқа – solanum rostratum Dun., салалы жапырақты алқа – solanum elaeagnifolium Cav, стригалар – striga sp. Sp, арам сояулар – cuscuta sp. sp, сирек гүлді ценхрус – cenchrus payciflorus Benth, түкті итошаған – bidens pilosa L. 2) жеміс, көкөніс, жеміс-жидек, картоп тізбесі (Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды): Р/н № Атауы Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды 1 2 3 1. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған картоп 0701 2. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған қызанақтар 0702 00 000 3. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған басты пияз, шалот пиязы, сарымсақ, порей пиязы және басқа да пиязшық көкөнiстер 0703 4. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған қауданды қырыққабат, түстi қырыққабат, кольраби, жапырақты қырыққабат және осыған ұқсас Brassica тектес, жеуге жарамды көкөнiстер 0704 5. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған ақ сүттiген (Lactuca sativa) мен шашыратқы (Сiсhоriuм sрр.) 0705 6. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған сәбiз, шалқан, ас қызылшасы, қойжелкек, тамырлы балдыркөк, шалғам және басқа да осыған ұқсас жеуге жарамды тамыржемiстiлер 0706 7. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған қиярлар мен корнишондар 0707 00 8. Аршылған немесе аршылмаған, жаңа пiскен немесе тоңазытылған бұршақ тұқымдас көкөнiстер 0708 9. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған басқа да көкөнiстер 0709 10. Кептiрiлген, аршылған, тұқым қабығынан тазартылған немесе тазартылмаған, уатылған немесе уатылмаған бұршақ тұқымдас көкөнiстер 0713 11. Жаңа пiскен немесе тоңазытылған, кептiрiлген, тұтас немесе тілімдерге кесілген маниок, маранта, салеп, жер алмұрты немесе топинамбур, тәттi картоп немесе батат және осыған ұқсас құрамында крахмал немесе инулиннің мөлшері жоғары басқа да тамыржемiстiлер мен түйнек жемiстiлер; саго пальмасының өзегі 0714-ден 12. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген плантайндарды қоса алғанда банандар 0803 13. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген құрма, iнжiр, ананас, авокадо, гуайява, манго және мангостан немесе гарциния 0804 14. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген цитрусты жемiстер 0805 15. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген жүзiм 0806 16. Жаңа пiскен қауындар (қарбыздарды қоса алғанда) мен папайя 0807 17. Жаңа пiскен алмалар, алмұрттар мен айва 0808 18. Жаңа пiскен өрiктер, шие мен қызыл шие, шабдалылар (нектариндерді қоса алғанда), қара өрiктер мен шомырт 0809 19. Жаңа пiскен басқа да жемiстер 0810 20. 0801-0806 тауарлық позициялардағы жемістерден басқа кептiрiлген жемiстер; жаңғақтардың немесе осы топтағы кептiрiлген жемiстердiң қоспасы 0813 21. Қант қызылшасы 1212 91 22. Кептiрiлген, бүтiн, бөліктерге, тiлiмдерге кесiлген, ұсатылған немесе ұнтақ түрiндегi, бiрақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған басты пияз 0712 20 000 0 23. Түйіршіктелмеген тарна, жапырақты қызылша (мангольд), азықтық тамыржемістілер, пішен, жоңышқа, беде, эспарцет, азықтық қырыққабат, бөрібұршақ, сиыржоңышқа және осыларға ұқсас азықтық өнімдер 1214-тен 24. Тұқымдарын қоса алғанда мүйізше ағаштың жемiстерi 1212 99 410 0 - 1212 99 490 0 1212 92 000 0 25. Кептірілген, бүтін, бөліктерге, тілімдерге кесілген, ұсатылған немесе ұнтақ түрін-дегі, бірақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған өзге де көкөністер, көкөніс қоспалары 0712 90 (0712 90 110 0-ден басқа) 26. Кептiрiлген, бүтiн, бөліктерге, тілімдерге кесiлген, ұсатылған немесе ұнтақ түрiндегi, бiрақ одан арғы өңдеуге ұшырамаған саңырауқұлақтар 0712 31 000 0 0712 32 000 0 0712 33 000 0 0712 39 000 0 27. Емен жаңғақтары және ат талшын 2308 00 400 0-ден 28. Түйіршіктелгеннен басқа тапиока 1903 00 000 0-ден Жеміс, көкөніс, жеміс-жидек, картоп карантиндік объектілерінің тізбесі: Зиянкестер (Insecta): Азиялық мақта көбелегі – spodoptera litura Fabr, апельсин қалқаншалы сымыры – unaspis citri Comst., ақ жиекті қоңыз – pantomorus leucoloma Boh., шығыс жеміс жемірі – grapholitha molesta (Busck.), калифорниялық қалқаншалы сымыр – quadraspidiotus perniciosus (Comst.), шығыс цитрус қалқаншалы сымыры – unaspis yanonensis Kuw., інжір балауыздың жалған қалқаншалы сымыры – ceroplastes rusci L., капр қоңызы – trogoderma granarium (Ev.), картоп күйе көбелегі – phthorimaea operculella Zell., қытай дән қоңызы – callosobruchus chinensis L., жерорта теңізі жеміс шыбыны – ceratitis capitata Wied., тұт ағашының қалқаншалы сымыры – Pseudaulacaspis pentagona (Targ.), филлоксера – viteus vitifoliae (Fitch), цитрустың үңгі күйе көбелегі – phyllocnistis citrella Stainton, цитрустың ақ ұнтақты сымыры – pseudococcus gahani Green., Комсток сымыры – pseudococcus comstocki Kuw., цитрус аққанаты – dialeurodes citri Riley., шығыс ақ ұнтақты сымыры – pseudococcus citriculus Green, беденің америкалық үңгі шыбыны – Liriomyza trifolii Burg et Comst (Burgess). Өсімдік ауруларын қоздырғыштар (Fungi): Жүзімнің алтын түстес болып сарғаюы – grapevine flavescence doree phytoplasm, картоп ісігі – synchytrium endobioticum (Schilb.) Percival, жемісті ағаштардың бактериялы күйігі – erwinia amylovora (Burrill.) Winston et al.. Жұмырқұрт тұқымдастар (Nematoda): Картоптың алтын түстес жұмырқұрты – globodera rostochiensis (Woll) M. et St., картоптың бозғылт түстес жұмырқұрты – globodera pallidа (Stone) Mulvey et Stone. Арамшөп өсімдіктері (арамшөптер) (Ruderais, herba): Жусан жапырақты ойраншөп – ambrosia artemisiifolia (L.), көп жылдық ойраншөп – ambrosia psilostachya (D.C.), қолтықты аюбадана – iva axillaries Pursh, қызғылт горчак – acroptilon repens (D.C.), тікенекті алқа – solanum rostratum Dun., салалы жапырақты алқа – solanum elaeagnifolium Cav, стригалар – striga sp. Sp, арам сояулар – cuscuta sp. sp, сирек гүлді ценхрус – cenchrus payciflorus Benth, түкті итошаған – bidens pilosa L. 3) тірі гүлдер кесінділері және қыш құмыра өсімдіктерінің тізбесі, ғылыми-зерттеу мақсаттары үшін жәндіктер, нематодтар және тірі кенелер (Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды): Р/н № Атауы Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды 1 2 3 1. Баданалар, түйнектер, түйнек тәріздес тамырлар, түйнектi баданалар, бұтақталғандарын қоса алғанда, вегетативтік тыныштық, вегетация немесе гүлдену күйіндегі тамыр сабақтары, өсiмдiктер және 1212 тауарлық позициядағы тамырлардан басқа тамырсабақтар 0601 2. Басқа да тiрi өсiмдiктер (олардың тамырларын қоса алғанда), қалемшелер және сұлама бұтақтар 0602 (0602 90 100 0-ден басқа) 3. Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған гүлдер мен гүлшанақтар 0603 11 000 0 - 0603 19 800 0 4. Гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды кесіп алынған, кептірілген гүлдер мен гүлшанақтар 0603 90 000 0-ден 5. Рождество мейрамына арналған ағаштар 0604 20 200 0 6. Қылқан жапырақты ағаштар бұтақтары 0604 20 400 0 7. Өсiмдiктердiң гүлсiз және гүлшанақсыз жапырақтары, бұтақтары және басқа да бөлiктерi, гүл шоқтарын жасауға немесе сәндік мақсаттарға жарамды балғын, кептiрiлген, одан әрі өңдеуді қажет етпейтін шөптер 0604 90 9100-ден 0604 90 9900 -ден 8. Ғылыми-зерттеу мақсаттарына арналған тірі кенелер, нематодтар және жәндіктер 0106 90 001 0-ден Тірі гүлдер кесінділері және қыш құмыра өсімдіктер карантиндік объектілерінің тізбесі: Зиянкестер (Insecta): Беденің америкалық үңгі шыбыны – Liriomyza trifolii Burg et Comst (Burgess). Өсімдік ауруларын қоздырғыштар (Fungi): Хризантема аскохитозы – didymella chrysanthemi (Tassi) Gar. et Gull., хризантеманың ақ таты – puccinia horiana P. Henn., таңкурайдың тамыр шірігі және бүлдіргеннің тамыр фитофторозы – рhytophthora fragariae Hickman. Арамшөп өсімдіктері (арамшөптер) (Ruderais, herba): Жусан жапырақты ойраншөп – ambrosia artemisiifolia (L.), көп жылдық ойраншөп – ambrosia psilostachya (D.C.), қолтықты аюбадана – iva axillaries Pursh, жатаған укекіре – acroptilon repens (D.C.), тікенекті алқа – solanum rostratum Dun., салалы жапырақты алқа – solanum elaeagnifolium Cav, стригалар – striga sp. Sp, арам сояулар – cuscuta sp. sp, сирек гүлді ценхрус – cenchrus payciflorus Benth, түкті итошаған – bidens pilosa L. 4) ағаш, орама және бекітпе материалдарының тізбесі (Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды): Р/н № Атауы Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды 1 2 3 1. Бөренелер, шөрелер, бұтақтар, шөпшек байламдары немесе осыларға ұқсас түрлердегі отындық сүрек. Қылқан жапырақты тұқымдардың жоңқасы немесе жаңқасы. Жапырақты тұқымдардың сүрек жоңқасы немесе жаңқасы. Агломерацияланбаған үгінділер және сүрек қалдықтары мен сынықтары 4401 10 000 4401 21 000 0 4401 22 000 0 4401 39-дан 2. Қабығы алынған немесе алынбаған немесе үстіңгі қабатымен, ірі кесектелген немесе кесектелмеген ағаш материалдар 4403-тен (4403 10 000-ден басқа) 3 Бөшкелік сүрек; жарылған бөренелер; ағаштан жасалған, өткiрленген, бiрақ ұзына бойы кесілмеген қадалар, қазықтар және бағандар; таяқтарды, қолшатырларды, құрал-саймандардың немесе осыларға ұқсас бұйымдардың саптарын өндiру үшін пайдаланылатын ірі жонылған, бірақ ұшталмаған, майыстырылмаған немесе бас-қа да тәсілмен өңделмеген ағаш материалдар; аршылған және осыған ұқсас сүрек 4404 4. Сүрек қабығы 1404 90 000 0-ден 4401 39 900 0-ден 5. Темiр жол немесе трамвай жолдарына арналған сіңдірілмеген ағаш шпалдар 4406 10 000 0 6. Ұзына бойы арамен кесілген немесе жарылған, қабаттарға бөлінген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын ағаш материалдар 4407 7. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен немесе басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа пішінделген ұзын тақтай түріндегі (қырлары, ойықтары бар, шпунтталған, қиысқан жіктері бар, жартылай дөңгелек калевка түріндегі қосылысы бар, фасонды, дөңгеленген немесе осыларға ұқсас) кез келген жиек, ұш немесе тегістіктегі, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе 4409-дан тегістелмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған кесілген ағаш материалдар (еденді паркетпен жабуға арналған, жиналмаған жұқа тақтайшалар мен фриздерді қоса алғанда) 8. Жеке тауар болып табылатын немесе жеке декларацияланатын сүректен жасалған жәшіктер, қораптар, буып-түйетін көтермелер немесе себеттер, барабандар және осыларға ұқсас ыдыс, кабілді ағаш барабандар, палеттер, тұғырықтар және өзге де тиейтін ағаш қалқандар, ағаш ернеушелер 4415-ден 9. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен, және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа бетондауға арналған қалып 4418 40 000 0-ден 10. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа желімделген фанерге немесе басқа да соған ұқсас қабатты сүрекке қаптауға арналған табақтар (қабатты сүректi бөлуден алынғандарды қоса алғанда) және ұзына бойы арамен кесілген, қабаттарға бөлiнген немесе аршылған, сүргіленген немесе сүргіленбеген, тегістелген немесе тегістелмеген, ұштары жалғанған немесе жалғанбаған, қалыңдығы 6 мм-ден аспайтын басқа да ағаш материалдар 4408-ден 11. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа бөшкелер, кiшкене бөшкелер, үлкен күбілер, күбілер мен өзге де бөшкелік бұйымдар және қалақты қоса алғанда сүректен жасалған олардың бөліктері 4416 00 000 0-ден 12. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа терезе, балкон есіктері мен олардың жақтаулары 4418 10-нан 13. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа есіктер және олардың жақтаулары мен босағалары 4418 20-дан 14. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа жабындық гонт пен қиынды ағаш 4418 50 000 0-ден 15. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа тоқуға арналған материалдардан жасалған, жолақтарға немесе ленталарға жалғасқан немесе жалғаспаған, тоқылған және осыған ұқсас бұйымдар; бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа өсімдік материалдарынан жасалған кілемшелер, шилер, керме шымылдықтар 4601-ден 16. Бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа тікелей нысан бойынша тоқуға арналған материалдардан дайындалған себеттік, тоқыма және өзге де бұйымдар; бояумен, улағыштармен, антисептикпен және басқа да консерванттармен өңделгендерден басқа сәнқауақтан жасалған бұйымдар 4602-ден 17. Гофрленген, перфорацияланған немесе перфорацияланбаған қағаз және картон 4808 10 000 0 18. Гофрленген қағаздан немесе гофрленген картоннан жасалған жәшіктер мен қораптар 4819 10 000 0-ден Ағаш, орама және бекітпе материалдары карантиндік объектілерінің тізбесі: Зиянкестер (Insecta): Ақ жиекті қоңыз – pantomorus leucoloma Boh., капр қоңызы – trogoderma granarium (Ev.). Арамшөп өсімдіктері (арамшөптер) (Ruderais, herba): Жусан жапырақты ойраншөп – ambrosia artemisiifolia (L.), көп жылдық ойраншөп – ambrosia psilostachya (D.C.), қолтықты аюбадана – iva axillaries Pursh, жатаған укекіре – acroptilon repens (D.C), тікенекті алқа – solanum rostratum Dun., салалы жапырақты алқа – solanum elaeagnifolium Cav, стригалар – striga sp. Sp, арам сояулар – cuscuta sp. sp, сирек гүлді ценхрус – cenchrus payciflorus Benth, түкті итошаған – bidens pilosa L. 2. Азиядан (Түрікменстан, Ауғанстан, Бангладеш, Бахрейн, Бирма, Бутан, Бруней, Қырғызстан, Кувейт, Өзбекстан, Тәжікстан, Пәкістан, Шығыс Тимор, Вьетнам, Гонконг, Индонезия, Иордания, Камбоджа, Кампучия, Кипр, Лаос, Ливан, Малайзия, Мьянма, Сингапур, Таиланд, Филиппины, Корея Халықтық Демократиялық Республикасы, Корея Республикасы, Монғолия, Тайвань, Жапония, Түркия, Сауд Арабиясы, Сирия, Израиль, Оман, Йемен Араб Республикасы, Йемен Халықтық Демократиялық Республикасы, Иран, Ирак, Үндістан, Мальдивы, Непал, Шри-Ланка) 1) дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің тізбесі, тұқымдық және отырғызу материалы (Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды): Р/н № Атауы Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы бойынша өнімнің коды 1 2 3 1. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз кокос жаңғақтары, бразилиялық жаңғақтар және кешью жаңғақтары 0801 2. Жаңа пiскен немесе кептiрiлген, қауызынан аршылған немесе аршылмаған, қабығымен немесе қабықсыз басқа да жаңғақтар 0802 3. Күріш 1006 4. Қуырылмаған немесе басқа да тәсілдермен дайындалмаған, аршылған немесе аршылмаған, ұнтақталған немесе ұнтақталмаған жержаңғақ 1202 5. Қара бидай 1002 6. Арпа 1003 7. Сұлы 1004 8. Жүгері 1005 9. Дәнді құмай 1007 10. Қарақұмық, тары және субидайықтың тұқымдары; өзге де дақылдар 1008 11. Бидай немесе қара бидай ұны 1101 00 12. Бидайдан немесе қара бидайдан басқа өзге де дақылдар дәндерінен алынған ұн 1102 13. Дақылдар дәндерінен алынған жарма, ірі тартылған ұн және түйіршіктер 1103 14. 1006 тауарлық позициядағы күрішті қоспағанда, басқа да тәсілдермен өңделген дақылдар дәні (мысалы, қауызынан аршылған, жанышталған, үлпектерге қайта өңделген, жарма түрінде түйілген немесе ұнтақталған); бүтін, үлпектер түрінде жанышталған немесе тартылған дақылдар дәнінің ұрықтары 1104 15. Майда және ірі тартылған ұн мен 0713 тауарлық позициядағы кептірілген бұршақ тұқымдас көкөністерден алынған ұнтақ 1106 10 000 0 16. Қуырылған немесе қуырылмаған мия 1107 17. Ұнтақталған немесе ұнтақталмаған қытайбұршақ бұршақбастары 1201 00 18. Копра 1203 00 000 0 19. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған зығыр тұқымдары 1204 00 20. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған рапс немесе кольза тұқымдары 1205 21. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған күнбағыс тұқымдары 1206 00 22. Ұнтақталған немесе ұнтақталмалған өзге де майлы дақылдардың тұқымдары мен жемістері 1207 23. Қыша тұқымдарынан басқа, майлы дақылдар тұқымдарынан немесе жемістерінен алынған майда немесе ірі тартылған ұн 1208 24. Егіске арналған тұқымдар, жемістер және споралар 1209 25. Өріктердің, шабдалылардың (оның ішінде нектариндер) немесе қара өріктердің сүйекшелері мен олардың дәндері; Сiсhоriuм intybus sativum түріндегі шашыратқының тамырлары 1212 99 950 0-ден 1212 94 000 0-ден 26. Кофеинді немесе кофеинсіз қуырылмаған кофе 0901 11 000-ден 0901 12 000-ден 27. Бүтін немесе ұнтақталған, шикi немесе қуырылған какао-бұршақтар 1801 00 000 0 28. Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинді қуырылған кофе 0901 21 000-ден 29. Тұтынушылық орамаға өлшеніп салынғаннан басқа кофеинсіз қуырылған кофе 0901 22 000-ден 30. Кофенің қауызы және кофе дәнінің қабықтары 0901 90 100 0 31. Егіске арналған будандық қант жүгерісі (Zea mays var. saccaharata) 0712 90 110 0 32. Кептiрiлген, аршылған, тұқым қабығынан тазартылған немесе тазартылмаған, уатылған немесе уатылмаған бұршақ тұқымдас көкөнiстер 0713 33. Түйіршіктелмеген тарна, жапырақты қызылша (мангольд), азықтық тамыржемістілер, пішен, жоңышқа, беде, эспарцет, азықтық қырыққабат, бөрібұршақ, сиыржоңышқа және осыларға ұқсас азықтық өнімдер 1214-тен 34. Дәнді дақылдардың түйіршік түріндегілерден басқа өңделмеген, ұсатылған немесе ұсатылмаған, тартылған немесе тартылмаған, нығыздалған сабаны мен топаны 1213 00 000 0-ден Дәнді, дәнді-бұршақты, майлы, жемдік, техникалық дақылдар мен оларды қайта өңдеу өнімдері, тұқымдық және отырғызу материалы карантиндік объектілерінің тізбесі: Зиянкестер (Insecta): Капр қоңызы – trogoderma granarium (Ev.), қытай дән қоңызы – callosobruchus chinensis L., төртнүктелі дән қоңызы – callosobruchus maculates F., азиялық көп қоректі дән қоңызы – callosobruchus analis L. Өсімдік ауруларын қоздырғыштар (Fungi): Күріштің бактериялы күйігі – xanthomonas