• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2011

Әлемді жаяу аралап жүр

647 рет
көрсетілді

Жуырда жер жүзін жаяу аралап жүрген саяхатшылар Кентау қаласына келді. Өздерін Килян мен Терри деп таныстырған француз азаматтары бұл сая­хат­тарын 2008 жылдың 7 ма­мы­рын­да Франция жерінен бастап­ты. Содан бері екі жыл ішінде Франция, Италия, Словения, Хор­­ватия, Босния, Албания, Греция, Түркия, Әзір­бай­жан секілді елдерді жаяу жүріп өткен олар қазір Қазақстан жерінде өз саяхаттарын жалғас­тыруда. Мақсатымыз – дүние жүзін жаяу аралап шығу деген Килян мен Терри қазақ халқының қо­нақ­жайлылығына тәнті бо­лып­ты. «Өзге елдердегідей емес, мұнда кездескен елді мекендерде қонақты үйіне шақырып, тамақ беруге қатты көңіл бөледі екен», – деді бұл жөнінде Килян. Саяхатшылар жол-жөнекей көптеген қызықты оқиғаларға тап болыпты. Соның бірі – енесі қайтыс болған аюдың қонжы­ғын асырауы. Қонжық қашан өз азығын тауып жей алатын кезге жеткенше саяхат­шылар қолдан қоректендіріп келген. Сондай-ақ, Түркияда жер бетін жаяу аралауға үміт­керлер Килян мен Терридің қастарына ерген. Дегенмен де, жолдың қиындығы­нан және шекара­дағы виза тексеру ба­ры­сында құжаттардың дұ­рыс болмаған­дығынан олар­дың кері қайтуы­на тура келген. Саяхатшылар әр мемлекеттен өткен сайын сол елдің тілін үй­ренуге талпынады екен. Қа­зіргі кезде қазақ тіліндегі күнде­лікті қолда­на­тын сөздерді жаттап та алыпты. Қазақстандағы Ақтау, Бейнеу, Құлсары, Жезқазған, Қы­зыл­орда, Түркістан бағытымен келген саяхатшылар енді Ащы­сай, Шаян жерін жүріп өтіп, Қаратау бойы­мен Тараз, Ал­маты жолдары арқылы Қытай еліне өтпек. Жалпы саяхат барысында олар 35 мемлекетті араламақ көрінеді. Қайрат ЗАЙНИШЕВ. Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы.