• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2016

Сенаттағы кездесу

181 рет
көрсетілді

Сенат депутаттары Рашит Ахметов пен Сергей Плотников Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының делегациясымен кездесті. Талқылаудың басты тақырыбы көп деңгейде басқару жүйесін орталықсыздандыру мәселесі болды. Парламентшілер меймандарды мемлекеттік аппаратты оңтайландыру мен орталық және жергілікті деңгейдегі биліктің арасында өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар туралы хабардар етті. Кездесу барысында жүзеге асырылған әкімшілік реформаны қамтамасыз етуге бағытталған заңнамаларға назар аударылды. Сенаторлар билік органдары жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бірлескен жобаларына қолдау білдірді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.