• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
08 Қаңтар, 2011

«Шәкәрім» симфониясының Лондондағы тұсаукесері

560 рет
көрсетілді

Дала данышпаны атанған Шәкәрім қажының осыдан үш жыл бұрын аталып өтілген 150 жылдық мерейтойы «бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп ақынның өзі айтпақшы, рухани тұрғыдан алғанда бұрынғы тойлардан өзгеше сипатта өткен болатын. Соның айғағындай, сол шақта ақын мерейтойына арналған үкіметтік шаралардан тыс басқа да игілікті істер молынан атқарылып жатты. Осы орайда, есімі елге кеңі­нен танымал белгілі меценат Медғат Құлжановтың Шәкәрім тойының рухани тұрғыда биік деңгейде өтуіне ерекше үлес қосқанын атап айтпасқа бол­май­ды. Мәселен, сол тұста ғұ­ла­­ма ақынның екі томдық өлеңдер жинағы, әндері жазыл­ған компакт-диск, академик-философ Ғарифолла Есімнің  Шәкәрім шығармашылығын тал­дап, зерттеп екі тілде жазған екі томдығы мен академик-суретші Мақаш Әлиакпаровтың Шә­кәрім тақырыбына арналған су­рет-альбомы Медғат Кәрім­ұлы­ның демеушілігімен жарық көр­ген еді. Міне, бір жылдан асты, Ме­кең Еуропаның төрінде, Ан­глия­ның астанасы Лондон қаласында  тұ­рып жатыр. Және онда бос қа­рап жатқан жоқ. Яғни, меценат­тық жаңа қырымен танылып отыр. Ал оған дәлел керек болса, айтайық. Жаңа жыл қарсаңында «Еларна» телеарнасы Лондонда өткен «Шәкәрім» симфониясының тұ­сау­кесер кешінен хабар көрсетті. Оны жаңажылдық қарбалас шақ­та біреу көріп, біреу байқамай да қалған болар. Тіпті, сол хабарды көргендердің өзі көп нәрсенің байыбына бойлай алмай қал­ғаны да рас. Сондықтан елі­міздің рухани өміріндегі ерекше оқиға туралы арнайы сөз қоз­ғаудың еш артықтығы жоқ деп білеміз. Сол тұста  Лондонға елі­міздің біраз айтулы аза­маттары барып келген болатын. Соның бірі, Медғат мырзаның жақын інісі  Шаған Жұмақсанов бауы­рымыздың айтуынша, «Шә­кәрім» симфониясының тұсауы сондағы 2,5 мың орындық  «Roуal FestivaI HaII» деп ата­латын концерт залында өтіпті. Залда ине шаншар орын бол­мапты. Орайы келгенде айта кетсек, «Шәкәрім» симфония­сын тыңдау мақсатымен кәрі құр­лықтың жер-жерінен екі жүз­ден астам қандастарымыз келіпті. Симфония авторы бүгінде әуендері әлемге кеңінен тараған ағылшын композиторы Карл Дженкинс десек, қолға тиген мә­лі­метке қарағанда, ол атағы­нан ат үріккендей хас талант кө­рі­неді. Айталық, оның қайсы­бір шығармасы әлемнің жиыр­машақты елінде мыңнан астам рет орындалған. Соған орай СD дискілері жиырмашақты ал­тын, қола жүлделерге ие бол­ған. Музыка саласының док­торы атанған Карл Дженкинс сон­дағы Корольдық музыка ака­демиясымен қоса бес университет пен консерваторияның сти­пендиаты, профессоры атақ­тарына ие болған. Карл Дженкинс мырзаның осыған дейін қол жеткізген атақтарын одан әрі де соза беруге болады. Ең бастысы, ол біздің елімізде болыпты. Соған орай, қазақ әуендерімен, халқы­мыздың салт-дәстүрімен бұ­рын­нан та­ныс. «Шәкәрім» сим­фо­ниясына демеушілік жасаған Медғат мыр­заның таңдауы осы кісіге түсуі де сондықтан болса керек. Осы орайда бір айта кететін жайт, сол «Шәкәрім» сим­фо­ниясын орындаған ағыл­шын­дар­дың филармониялық ор­кестрі­нің құрамына Қазақ­станнан дом­­бырашы Асқар Сұл­танғазин, саз сырнай шебері Анар Қасымова, шаңқобызда ойнап, кө­меймен ән айтушы Еділ Құ­сайынов сынды өнер иелері ша­қырылыпты. Соны­мен бірге оған қатысқан әлемге танымал скрип­кашы Марат Бей­сенғалив пен оның қызы,  сопрано үнді әнші Ару­хан өнер кешінің әрін келтіріпті. Шағын осы сапа­рында «Шә­кәрім» сим­фониясының  Медғат Кәрімұлы­ның демеушілігімен шық­­­қан компакт-дискісін ала келген екен. Жалпыұлттық сипат­тағы сим­фо­нияны, Аруханның орындауын­дағы қажының «Анамнан алғаш туғанда» деген сазды әнін тыңдай оты­рып, ғажап бір сезімге бө­лендік. Әсіресе, тұманды Альбионда туған қарындасы­мыз­дың Шә­кәрім әнін ана тілімізде шыр­қауына сүйсіндік. Сол жолғы өнер кеші кө­рер­мен тарапынан әлемдік премьера ретінде қабылданыпты. Өйткені, жоғарыда айт­­қандай, Карл Джен­кинстің та­ны­мал бір шығарма­сы кештің екінші бө­лі­мінде мыңыншы рет орын­далыпты. Оркестр енді осы концерттік бағдарлама­мен Нью-Иорк, Токио, Вена, Астана қа­ла­ларына жол тартпақ. Содан кейін естіп отырған және бір жаңалық,  Медғат мыр­за алдағы көктемде наурыз мей­рамын Лондонда лайықты түрде атап өтуге дайындалып жатқан көрінеді. Елжанды аза­маттың бұл бастамасына қайтіп сүй­сін­бессің! Біраз оқыр­ман, көрер­мен­мен тілдескенімізде, оның ішінде өнер мен әдебиеттің жа­на­шыры, белгілі тарихшы-ға­лым, Шәкәрім атын­дағы Семей мемлекеттік уни­верситетінің рек­­торы Ерлан Сыдықов Шәкәрім туралы бұл симфония енді «Хабар», яки «Қа­зақстан» теле­ар­наларының бірінен берілсе деген тілек айтып еді. Бұл да орынды тілек пе дейміз. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ. Семей. Суреттерде: Медғат Құл­жанов және  Карл Дженкинс; «Шәкәрім» симфония­сын орын­­­даған ағылшындардың филармониялық оркестрі.