• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
04 Наурыз, 2016

Ана мен баланың жағдайын жасайды

398 рет
көрсетілді

Өмірге сәби әкелу – ең үлкен қуаныш. Жиырма жылдан астам уақыттан бері ана мен баланың бар жағдайын жасап келе жатқан Жамбыл облыстық «Ана мен баланы аялау» орталығынан бүгінге дейін 55 мыңнан астам адам сауығып шығыпты. Оның 43 пайызы жүкті әйелдер. Әрбір болашақ ана өз бойында болып жатқан өзгерістер жайлы біліп отыруы тиіс. Орта­лықтың негізгі міндеті – шалғай ауылдық жерлердегі, әлеуметтік жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардағы жүкті әйелдерді және балаларды оңалту, ден­саулығын қалпына қайта келтіру. Тағы бір ерекшелігі – ана мен баланың бір-бірінен ажыратылмай емделуі. Мұнда қолайлы психоэмоциялық тыныштық жағдайы жасалған. Сондай-ақ, дәрігерлік, әлеуметтік және экономикалық мәселелердің өз уақытында шешілуіне қатты көңіл бөлінеді. «Ана мен баланы аялау» – жүкті әйелдер мен балаларды тәулік бойы сауықтыратын Қазақстандағы бірден-бір орталық. Мұндағы орын саны 150 төсектік болса, оның 70 төсегі – жүкті әйелдерді сауықтыратын бөлімшеге, 80 төсегі балалар бөлімшесіне тиесілі. Бізде білікті мамандар жұмыс істеуде. Өйткені, алдымызға қойған міндеттердің орындалуы тікелей соларға байланысты. Емделушілерге сапалы медициналық реабилитациялық ем алуына және денсаулығын қайта қалпына келтіруіне барынша жағдай жасалуда. Орталық соңғы үш жылда үлкен жетіс­тіктерге қол жеткізді деп айта аламын. Соның бір мысалы – жүкті әйелдер мен сәбилерді сауықтырудың жаңа тәсілдерінің енгізілуі. Тағы бір айтары, бұл орталық бюджет қара­жаты есебінен «Су кафедрасын» сатып алып, үлкен жетістікке жетті. Емделуге келген әрбір ана мен баланың денсаулығына аса зор мән беретін бірегей сауықтыру жүйесі ұлт болашағы үшін әрі қарай жемісті еңбек ете беретін болады.  Гүлнәр ӘЗІМҚҰЛОВА, Жамбыл облыстық «Ана мен баланы аялау» орталығының бас дәрігері. Жамбыл облысы.