Белгілі кәсіпкер Нағашыбай Барлыбаев жетекшілік ететін «Арқалық» ЖШС қымыз өндірісін жолға қойып, жұртшылықты шипалы сусынмен қыста да қамтамасыз етіп отыр. Бүгінде шаруашылықтың өнімдерін дүкен сөрелерінен жиі көруге болады.Тәулігіне бір мың литр қымыз дайындайтын зауытта «Тентек», «Қымыз», «Қызылой» секілді бірнеше сусын түрлері шығарылады. Өнім облыспен қатар, еліміздің бірнеше өңірлеріне де жөнелтіледі. Серіктестік Петропавл қаласында жергілікті сазбалшықпен және қымызбен емдейтін сауықтыру орталығын салуды аяқтап қалды.
Н.Барлыбаевтың басшылығындағы шаруашылық былтыр республикалық «Парыз» байқауында топ жарған болатын. Шағын кәсіпкерлік субъектілері арасында «Үздік әлеуметтік жуапкершілікті кәсіпорын» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған-ды.
Өмір ЕСҚАЛИ.
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы.