• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2011

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің бұйрығы №373

415 рет
көрсетілді

2010 жылғы 10 қараша   Астана қаласы «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы «Сауда-өнеркәсіп палаталары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Тауардың шығу тегі туралы сертификаттар бланкілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2010 жылғы 21 мамырдағы № 83 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6310 болып енгізілді) мынадай өзгерістер енгізілсін: аталған бұрықтың 3-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын; аталған бұрықтың 4-қосымшадағы «жасыл түспен басылған гильотировка» деген сөздер «қызғылт түспен басылған гильотировка» деген сөздермен ауыстырылсын; 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте: 1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) мемлекеттік тіркеуден кейін бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Н.К. Әбдібековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министірдің міндетін атқарушы Д. ТҰРҒАНОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылғы 24 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6654 болып енгізілді.