• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2011

Жаңа картинг орталығы

562 рет
көрсетілді

Бұл – Қазақстанда тұңғыш рет ос­ындай деңгейде ашылып отырған жабық картинг орталығы. «Формула-1» орталы­ғына Германияда құрастырылған жапон­дық «Хондо» маркалы 15 картинг ма­ши­насы алынған. Аумағы 4200 шаршы метр, жолының ұзындығы 380 метр картинг орталығы еуро­палық стандарт бойынша жарақтанды­рыл­ған. Электронды көрсет­кіш тақтадағы хро­но­метраж жүйесінен айналым нәтижелері кө­рініп тұрады. Картингпен айналысатын балаларға бір үлгідегі спорттық киім алынған.Осында ұй­ымдастырылған картинг мектебінде бір мезгілде 15-20 бала жаттығады.Әзірге мұнда келушілерге алты машина ұсынылып отыр.Ор­та­лық­ты пайдалануға беруге 80 млн. теңге жұм­салды. Картинг орталығын пай­далануға берген «АрсеналСтройСервис» ЖШС-нің ди­ректоры Александр Мишкойдың айтуынша, мұнда аймақтық ірі жарыстар өткізуге әбден болады. Ең бастысы, балалар жастайынан кө­лік жүр­гізуге дағдыланады, спортпен айна­лы­са­ды. Мұнда жаңадан 30 жұмыс орны ашылды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.