• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2011

Ислам партиясының көсемі тұтқындалды

390 рет
көрсетілді

Ислам партиясының көсемі тұтқындалды Баку қаласы полиция басқармасының та­рат­қан ақпараттары бойынша, Әзірбайжан ислам пар­тиясының жетекшісі Мовсум Самедов террор­лық әрекеттер жасауға дайын­далған деген күдікпен қамауға алынды. Партия басшысы 7 қаңтар күні өзінің серіктерімен автокөлікте келе жатқанда ұсталған. Полицейлердің айтуынша, тұтқындау кезінде Самедов пен оның серіктері құқық қорғау органдары қызмет­керлеріне қарсылық көрсеткен. Партия басшысы өзінің бауыры Даянат Самедовке қоғамдық тәртіпті бұзып, тәртіпсіздік ұйымдастыру жөнінде тапсырма берген. М.Самедовтың әкесінің электртауарлар сататын дүкенін тінту кезінде ондағы сейфтен 3 граната, сондай-ақ автомат оқтары табылған. Сабыр Рахимовтың ескерткіші алынды Ферғана ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Өз­бек­стан астанасы – Ташкенттегі Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Сабыр Рахимов­тың ескерткіші тұғырынан алынып, бульдозермен тегістелді. Бетон және гранит сынықтары жүк мәшинесімен әкетілді. Бұдан бұрын, яғни өткен жылдың 5 қарашасында Ташкенттегі Сабыр Рахимов есіміндегі метрополитен станса­сының аты да өзгертілген болатын. Одан соң Өзбекстан парламенті Ташкент қаласындағы Сабыр Рахимов ауданының атын өзгерту туралы заң қабылдаған еді. Өзбекстан басшылығының бұл әре­кетін көпшілік әрқалай қабылдауда. Он екі мың  үй су астында қалды Аса ауқымды су басудың салдарынан Австра­лияда 12 мыңнан астам үй мен басқа да ғи­ма­раттар су астында қалды және бүлінді. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабар­лау­ын­ша, 4 мыңға жуық тұрғын басқа жерге көшірілді. Мұндай су басу оқиғасы Австралияда өткен жылғы желтоқ­санның соңында басталған болатын. Онда елдің солтүстік шығысы Таш аталатын тропикалық дауылға ұшыраған еді. Кейбір деректерге қарағанда, су басқан аумақ Германия мен Францияның аумағынан асып түседі. Апат салдарынан ондаған адам қаза тапты. Солтүстік Кореяның ұсынысын қабылдамады Франс-Пресс агенттігінің хабарлауынша, дүйсенбі күні Оңтүстік Корея үкіметі КХДР басшылығының келіссөздерді қайта жалғас­т­ы­ру туралы ұсынысын ресми түрде қабылдамады. Ресми Сеул келіссөздерді КХДР-дің қарусыз­дану жөнінде қадам жасағанда ғана бастау қажеттігін алға тартып отыр. Бұл жерде ең басты мәселе, Солтүстік Кореяның ядролық қарудан арылу жайы болып табылады. Екі ел арасындағы жанжал Енпхендо аралындағы оқиғадан кейін тіпті нашарлап кеткен болатын.

Интернет материалдары негізінде әзірленді.