• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
11 Қаңтар, 2011

Сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

332 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сарапшылық кеңесінің отырысы болды. Онда Сарапшылық кеңесінің 2010 жылдағы жұмысының негізгі қорытындылары қаралды және 2011 жылғы отырыстары мен зерттеу бағыттары нақтыланды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хат­шысы Марат Тәжин Сарап­шы­лық кеңесінің қолдауы­мен жүзеге асырылған бір­қатар зерттеу жобаларын атап өтті. Ведомствоаралық комиссия қызметіне бай­ла­нысты бірқатар мәселелер де қарастырылып, олар Қауіп­сіздік Кеңесінің отырыс­та­рында талқыланатын болды. Үстіміздегі жылы Са­рап­шылық кеңесі өңірлік қауіп­сіздікке қатысты өзекті мәсе­лелерді қарастырады. Оның ішінде су қауіпсіздігі проб­ле­малары және құқықтық жүйе­ні дамыту мәселелері бар. «Егемен-ақпарат».