Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті. Онда Мәжілістің жалпы отырысына шығарылатын мәселелер сараланды.
Бюро отырысында депутаттық корпустың жаңа жылдағы заң шығарушылық қызметіне қатысты мәселелер қаралды.
Сәрсенбі күні өтетін Мәжілістің жалпы отырысында депутаттардың талқысына «1997 жылғы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясын ратификациялау туралы (1997 жылғы 12 қыркүйектегі Хаттамамен енгізілген түзетулер мен 1963 жылғы 21 мамырдағы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының жиынтық мәтіні)» заң жобасы ұсынылатын болды. Бұл жөнінде палатаның Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мәліметі тыңдалды.
«Егемен-ақпарат».