АСТАНА. 31 наурыз. Ресей Федерацияның мемлекеттік думасы Ресей мен Өзбекстан арасындағы бұрынғы КСРО кезеңі мен 1992-1993 жылдардағы операциялар бойынша жинақталған қаржылай талаптар мен міндеттемелерді реттеу туралы үкіметаралық келісімді ратификациялап берді. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Үкіметаралық осы келісімге сай, енді Өзбекстанның Ресей алдындағы қарыздары алынып тасталады. 2014 жылғы 1 қарашадағы мәлімет бойынша, бұл қарыздың жалпы көлемі 889,3 млн. доллар болған. Оның 500,6 млн. доллары негізгі төлемдерден жиналса, тағы 388,7 млн. доллар қарыздардың пайыздық өсімдерінен құралған.
Талғат Райымбек.
Дерек: ras.kz.
Фото: azattyq.org.