• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
31 Наурыз, 2016

Шекарадан жерасты жолы табылды

450 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 наурыз. Қырғызстанның Баткен облысының аумағындағы шекара сызығы бойынан жерасты жолы табылды. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Қырғызстан мен Өзбекстан аумақтарын жалғап жатқан тескентауды қырғыз шекарашылары тауып алды. Хабарланғандай, туннель Қырғызстан жағынан қазылған. Ол Баткен облысы, Кадамжай ауданы, Кыргыз-Килак айылындағы бір тұрғын үйден Өзбекстанның Ферғана облысы, Олтыарык ауданындағы Борбалык қишлоғындағы келесі тұрғын үйге қарай тартылған. Наурыздың 25-і күні Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Райимберди Дуйшенбиев пен Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметі шекара әскерлерінің қолбасшысы Рустам Эминжанов «Кызыл-Кия-автожол» қабылдау-өткізу бекетінде өткізілген кездесудің шеңберінде аталған туннельмен танысты. Жерасты жолының тереңдігі 7-8 метр болса, ұзындығы 110 метрді құрайды. Талғат Райымбек. Дерек: ras.kz. Фото: abai.kz.