• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2016

Алматыдағы су басқан аудандарда жағдай тұрақталды (ФОТО)

414 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 1 мамыр. Толассыз жауған жаңбырдан кейінгі су басқан Алатау ауданының аумағында қалыпқа келтіру жұмыстары  одан ары жалғасу үстінде. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Су басқан аумақтың зардабын жоюға Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен 40 адам, азаматтық қорғаныстың сумен қамту қызметінен  46 адам, азаматтық қорғаныстың инженерлік қызметінен 26 адам, жылумен қамту қызметінің 50 өкілі, жолдар мен көпірлер қызметінен 120 адам, 20 техника, «Алматы әкімдігі жанындағы құтқару қызметінен (109)  барлығы 30 адам, 8 техника, құрылықтағы әскерлер әскери институтынан 161 адам, 5 техника  жұмылдырылды. Зардап шеккен аумақта бұдан тыс барлығы 342 адам мен 13 техника бірлігі жұмыс істеді. Жағдай тұрақталды, су толығымен кетті. Көшелер тазартылып, Есентай өзені мен Қарғалы өзендерінің жағасына инертті материалдары бар қапшықтар қойылды. Талғат Сүйінбай. Дерек, фото: Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.