• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2016

Түркияда тағы да жарылыс болды

239 рет
көрсетілді

АСТАНА. 1 мамыр. Түркияның Газиантеп  қаласында полицей учаскесінің қасында жарылыс болып, бір тәртіп сақшысы қаза тапты. Бұл туралы РИА «Новости» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Лаңкестік әрекеттің салдарынан тағы отыз адам зардап шекті. Ресми мәліметтер бойынша, жарылғыш зат орнатылған көліктің күлі көкке ұшқан. Лаңкестік әрекеттен соң содырлар мен полицейлер арасында атыс болды. DHA агенттігі осыған дейін тоғыз адамның жарақат алғанын, оның ішінде алтауы полиция қызметкері екенін хабарлады. Қазір оқиға болған аудан қоршауға алынды. Лаңкестік әрекетті қай топтың ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Алайда, болжам бойынша, «Күрдістан жұмысшылар партиясының» ісі болуы мүмкін. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: РИА «Новости».