• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
02 Мамыр, 2016

Адамзат өркениетінің жаңа бастауы

654 рет
көрсетілді

2016 жылдың 31 наурызы мен 1 сәуірі аралығында Вашингтон қа­ласында өткен Ядролық қауіп­сіздік жөніндегі ІV саммитте Ел­басымыз Н.Ә.Назарбаев БҰҰ жетекшілігіне және әлем хал­қы­на «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесін таныстырғаны белгілі. Манифест негізгі бес бағытты қам­тыды. Бұл бағыттырдың ішінде ерекше назар аударатыны әлем елдерін ядролық және басқа да жаппай қырып-жою қаруларынан бас тарту, әскери одақтарды тарату, қандай да пішінде болмасын, соғыс пен әскери қайшылықтар­ды болдырмауға шақырды. ХХІ ғасырда адамзат өз дамуының жаңа деңгейіне аяқ басты. Деген­мен, Жер шары соғыс пен түрлі ұлтаралық, дінаралық тағы басқа сипаттағы қақтығыс өртінен арыла алмады. Қазіргі күнгі Корей түбегіндегі, Таяу Шығыстағы жағдайлар оған куә болып отыр. Елбасымыз өз манифесінде: «Барша адамзат ХХІ ғасырға жаһандық ынтымақтастықтың жаңа дəуірі ретінде үміт артты. Бірақ бүгінде бұл елесті сағымға айналуы ықтимал. Əлемге тағы да қатер төніп тұр жəне оның ауқымын ескермеуге болмайды. Жəне бұл қатер – жаһандық соғыс!» – деп ашып айтты. Ақиқатты ашып айту, шындықты шырқыратып жет­кізу дегеніңіз осы ғой. Нұрсұлтан Әбішұлының Вашингтон төріндегі сөзінен қырсықтың қыр астында екенін байқау қиын болмас. Сондықтан біздің Мемлекетіміздің басшысы адамзатқа «ХХІ ғасыр: соғыссыз əлем» атты кең ауқымды бағдарламасын көлденең тартты. Бұл бастама да дүние жұртының на­зарын аудартып, қауіп пен қатер­дің алдын қалай аламыз деген ойға жетеледі. Осыдан кейін әлем соғыссыз дүние құруға бет бұрып, оған Жер шарындағы барлық мемлекеттер мен ұйымдар күш біріктіре түседі деп сенемін. Сонымен қатар, мұндай маңызды істен әрбір азамат та шет қалмауы керек. Өйткені, әркім өзінің білімімен, еңбегімен, ниетімен әлемдегі бейбітшілікке зор үлес қоса алады. Әлде­бір себептермен бөтен болмысқа, дәстүрсіздікке бет бұр­ғандармен байланыс жасап, хал-қадерімізше олардың санасына ой тастауға ұмтылып ке­­ле­міз. Осыған қа­тысты нә­ти­­же де жоқ емес. Отанымыздағы бейбіт тірліктің қадірін жанды мысалдармен түсіндіріп, жаһандық қауіпсіздік үшін тәуелсіз жас мемлекетіміздің үлесі мен үнін кең насихаттаудамыз. Манифесте кейінгі ширек ға­сырдан астам уақытта болған оқиғалар мен шешімдер терең талдау жасалып, оның мазмұны келтіріліп, жан-жақты сараланып, бүкіл жер беті халқының қауіпсіздігіне тигізген ықпалына объективті баға берілген. Мемлекет басшысы тарапынан атқарылған зор жұмыстардың нәтижесінде Қа­зақстан жаһан­дық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету ісіне тең­дессіз үлес қос­ты. Бұл әрбір қа­­зақ­­стандықтың мақ­­­та­ныш се­зімін ту­ғызатыны ақиқат. Және де бұл еш асы­ра айтқандық емес. Елбасы ұлы державалар арасында өзіне лайықты орын алып отыр. Осы орайда, әлемдік қоғам­дастықтың мойындауы мен ризашылығына бөленгенін де аса әділеттілік деп санаймын. Президент аталған маңызды бағ­дарламалық құжатында ғылы­ми жаңалықтардың негізінде жасал­ған жаңа технологиялардың кең ауқымдылығын ерекше атап көрсетеді. Осы ғылыми жетіс­тіктерді парасатты тұрғыдан пайдалану қазірдің өзінде адамзат өміріне теңдессіз оң нәтижелер алып келді. Әрине, оларды жақын болашақта әрі қарай да енгізе беру адамзат дамуының жаңа, маңызды фазасының негізі болатынына еш күмән жоқ. Дегенмен, оның өзін қауіп­сіз, ғаламға ешқандай зиянын келтірмейтіндей етіп пайдалану керек. Қазіргі кезде халықаралық қоғамдастық тарапынан өзінің бағдарламалық құжатында тари­хи шешім қабылдау, сөй­тіп, мем­­лекеттердің ядросыз әлем негізінде бейбіт қатар өмір сүруі үшін жағдай туғызуға алғышарт жасауға ұмтылған жер жүзіндегі жетекші көшбасшылардың бірі ретінде Нұрсұлтан Әбішұлына әділетті баға беріп отыр. Қазақстан Президентінің ма­нифесі үлкен құндылыққа және ма­ңызға ие. Өйткені, онда бар­лық мемлекеттердің бейбітшілік пен қауіпсіздікке теңдей жауап­кершілігі қағидаттары негізінде бейбіт үнқатысу бойынша іс-қимылдардың тұтастай бір кешені алға тартылады. Нұрсұлтан Назарбаевтың өлім себетін қару түрлерін ғарыш кеңістігінде, Әлем­дік мұхиттың түбі мен бейтарап суларында, Арктикада орна­ластыруға тыйым салу бойынша жаһандық шешім қабылдау қа­жеттігі жөніндегі ұсынысы қазіргі таңда аса көкейкесті болып табылады. Ал «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін жүзеге асыруға саясаткерлермен, қаржы топтарының және іскерлік құрылымдардың өкілдерімен қатар, бүкіл әлемнің оқы­мыстылары да белсенді қаты­су­­лары тиіс. Қазақстан ғалымдарының күш-жігерін, біздің ойымызша, ядролық отынды электр және жылу энергияларын өндіретін қауіпсіз және ықшам құрылғылар жасау үшін қолдануға, яғни жаңа технологиялар жасауға бағыт­тауға басымдық берілгені жөн. Қазақстан ғалымдары осы үдерісте өзіне лайықты орын алатынына кү­мән жоқ, өйткені, осы маңызды бағдарламалық құжаттың – «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің бас­ты лейтмотиві адамзатты өлім себетін соғыс қатерінен арашалауға бағытталып отыр емес пе?! Өркениеттіліктің жаңа дәуірін­де адамзат өмірінде соғыс пен жаппай қырып-жою қаруларын жетілдіруге деген ұмтылыстардың орын алуы жаңа қоғам бейнесіне жат құбылыс. Соңғы уақыттарда түрлі сипаттағы терроризмнің белсенділігі олардың қолына яд­ро­лық қарудың түсуі бүкіл адам­зат үшін зор қауіп тудырады. Мем­­лекет басшысының бастамасымен өз уақытында Қазақстан әлеуеті жөнінен әлемде төртінші орындағы ядролық қарудан өз еркімен бас тартқаны белгілі. Қазір де Елбасымыздың әлем елдерін соғыстан, әскери одақтардан, қы­рып-жою қаруларынан бас тартуға өзара келісім мен түсі­ніс­тікке негіз­делген ара-қатынасқа шақыруы адамзат өміріне жаңа серпін мен бағдар беретін ұсыныс, адамзат дамуының жаңа парадигмасы деп қабылдауға болады және адамзат алдында еліміздің өзіндік ұстанымы мен орнын айшықтай түседі. Болат АПЕНОВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты