• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
03 Мамыр, 2016

Гималайда жоғалып кеткен альпинистің денесі табылды

345 рет
көрсетілді

АСТАНА. 3 мамыр. Гималай тауларында 16 жыл бұрын жоғалып кеткен екі адамның денесі табылды. Бұл туралы «Интерфакс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Белгілі асқарпаз Алекс Лоу мен оператор Дэвид Бриджес 1999 жылы 8 мың метр биіктіктегі Шишабангма шыңына шыққан кезде қар көшкінінің астында қалған. Өткен аптада екі альпинист олардың денесін тапты. BBC-дің хабарлауынша, қаза болғандарды киімдері мен құралдарына қарап таныған. Алекс Лоу көпшілікке альпинистер қоғамдастығы арқылы танылған. Шыңға өрмелеу барысында көптеген әріптестерін ажалдан құтқарып қалған. Сол кездегі үздік асқарпаздардың бірі саналды. Ал Дэвид Бриджес операторлығымен белгілі. Айта кетейік, Шишабангма шыңы биіктігі бойынша әлемде 14-ші орында тұр. Аян Әбдуәли. Дерек: «Интерфакс». Фото: inform.kz.