• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
26 Қаңтар, 2011

Жанымызды жадыратқан жаңалық

596 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің қатысуымен өткен Білім және ғылым минис­тр­лігінің алқа мә­жілісі біздің кө­кейімізде жүр­ген мәселе­лер­ді дөп басып, көңілімізден шықты. Бәсекеге қабілеттіліктің бас­ты көрсеткіші – студент жастардың білім деңгейінің ха­лықаралық талаптарға сай бо­лып, олардың ізетті, тәр­бие­лі тұлғалар болып қалып­тасуы. Студенттер күні ертең-ақ білікті маман атанып, өн­ді­рістік және әлеуметтік сала­лар­ды басқару жүйесін өз қол­дарына алады. Сондықтан, жастарға барынша жағдай жа­сауды Елбасымыз ежелден ай­тып, соған сай жағдай туғы­зып келеді. Жыл сайынғы «Бо­лашақ» бағдарламасы ар­қы­лы жастардың шет мемлекеттерде жан-жақты терең білім алуы, Астана қаласында «Назарбаев университетінің» ашылуы жастардың талабын ұш­тап, білім көкжиегінде құ­лашын жаюына жағдай жасап отыр. «Үйі жоқтың күйі жоқ» дегендей, жоғары оқу орнында оқып жүрген көптеген жастар баспана қиындығын көріп жа­татыны жасырын емес. Әлеу­меттік жағынан аз қамта­ма­сыз етілген топқа жататын студенттер үшін пәтер жалдап тұру оңайға соқпайды. Осы орайда Премьер-Министрдің «Студенттік баспана» мәселе­сін көтеруі барша студенттер қауымын қуанышқа бөледі. Сондай-ақ, студенттердің қо­ғамдық көліктерде көп жү­ретіні баршамызға аян. Себебі, білім іздеген жастар кітапхана, мұражай, спорт кешендері, ғылыми ізденіс жұмыс­тарымен айналысу мақса­тын­да қоғамдық көліктерге жиі мі­нуге мәжбүр. Осы тұста сту­дент жастарға қоғамдық кө­лікте жеңілдікпен жүру қа­рас­тырылса құба-құп болары анық. Елбасының сарабдал сая­са­тының, жастарға деген жан­ашырлығының дәлелі – жыл сайын студенттер шәкірта­қы­сын сатылап өсіріп отыруы дер едік. Жаңа жылдың жа­ғым­ды, жанымызға шуақ төк­кен жаңалығы, яғни шәкірт­ақымыздың 30 пайызға көте­рілгені білімге деген ынта-жі­ге­рімізді арттыра түскені сөзсіз. Жеті мамандық бойынша халықаралық АСИИН аккредитациялау агенттігінің сер­ти­фикатына ие болған біздің М.Әуезов атындағы ОҚМУ елі­міздің қарыштап дамуына атсалысатын талай жас да­рындарды даярлап келеді. Бү­гінгі күні университетіміздің күндізгі бөлімінде 12500 студент білім алса, оның 8504-і мемлекеттік грант иегері бо­лып табылады. Бір біздің уни­верситеттің өзінде 8504 студент Президент қамқорлы­ғы­на бөленіп, тегін білім алу құқығына ие болған. Елінің келешегі үшін барлық жағ­дай­ларды жасап, қолдап от­ырған Елбасының үмітін ақ­тау жолында еселі еңбек ететін өжет жастардың көбейе түсетіні сөзсіз. Жақсы ағаларымыз жас­тардың жағдайын ойласты­рып жатыр. Қазір де біз ештенеден кемдік көрдік демейміз. Жыл сайын жағдайымыз жақ­сарып келеді. Біздің бүгінгі міндет – жақсы оқып, саналы тәрбие алу. Үкімет басшы­сы­ның министрлікке “Студенттік баспана” бағдарламасын жасауды тапсыруы құрдас­та­ры­мыздың қуанышына ұла­сып жатыр. Заманбек ОРЫНБЕКОВ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, химия-технологиялық факультетінің 3-курс студенті. Шымкент.