2010 жылғы 30 желтоқсан №1479 Астана, Үкімет Үйі
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2011 жылға арналған квотаны белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2011 жылға арналған квота республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,85 пайыз мөлшерінде белгіленсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
•
26 Қаңтар, 2011
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы
340 рет
көрсетілді