Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке адамдардың өмірін қиған терактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.
– Домодедово» әуежайында бейбіт азаматтардың қаза болуы мен жарақаттануына алып келген лаңкестік әрекет туралы хабарға қатты күйзелдім.
Қазақстан халқы мен жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын, – делінген көңіл айту жеделхатында.