26 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы №3

339 рет
көрсетілді
17 мин
оқу үшін
2016 жылғы 20 мамыр, Астана қаласы «Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы  туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1. «Соттардың азаматтық іс жүр­гізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 нормативтік қаулысына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 23 маусымдағы № 5, 2007 жылғы 25 желтоқсандағы № 12, 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 19, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5, 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) кіріспедегі «Қазақстан Респуб­ли­­ка­сының Азаматтық іс жүргізу кодексінің (әрі қарай - АІЖК)» деген сөздер «Қазақ­стан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК)» деген сөздермен ауыстырылсын; 2) бүкіл мәтін бойынша: «АІЖК», «қадағалау», «тиісті қада­ға­лау», «шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде қадағалау іс жүргізуін қоз­ғау туралы», «сот қадағалауы тәрті­бімен» деген сөздер тиісінше «АПК», «кас­са­циялық», «өтінішті іспен бірге касса­циялық сатының сот отырысының қарауы­на беру туралы», «кассациялық тәртіп­пен» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 2-тармақта: «150», «153», «154», «242», «243», «247», «249» деген цифрлар тиісінше «148», «151», «152», «272», «273», «277», «279» деген цифрлармен ауыстырылсын; «150-бабының төртінші бөлігінде» деген сөздер «148-ба­бы­ның үшінші бө­лі­гінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 5-тармақта: «27» деген цифрлар «29» деген цифрлармен ауыстырылсын; екінші сөйлем алып тасталсын; 5) 6-тармақта «48», «272» деген цифрлар тиісінше «47», «286» деген цифрлармен ауыстырылсын; 6) 7-тармақта: бірінші абзацта: «36-бабының екінші бөлігінің 1) және 3) тармақшаларында» деген сөздер «34-бабының екінші бөлігінің 1), 3), 4), 5) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын; екінші абзацта: «АІЖК-нің 36-бабының екінші бөлігінің 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер» деген сөздер «АПК-нің 34-бабының екінші бөлігінің 2) тармақшасында көрсетілген негіз» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацта: «қаулысы» деген сөз «ұйғарымы» деген сөзбен ауыстырылсын; 7) 8-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «АПК-нің 58-бабының 6) тармақшасына сәйкес, сот өкілдер ретінде қатыстыратын басқа адамдар деп осы баптың 1), 2), 3), 4), 5) тармақшаларында аталмаған, бірақ жоғары заң білімі бар және жазбаша сенімхат негізінде тараптардың мүдделерін білдіретін адамдар танылады. Сот жоғары заң білімі бар басқа адамдарды да іске қатысушы адамның (сенім білдірушінің) сот отырысының хаттамасына енгізілген ауызша өтініші бойынша сотқа қатыстыруы мүмкін»; «61» деген цифрлар «60» деген цифрлармен ауыстырылсын; 8) 9-тармақта: «66-бабының оныншы бөлігінде, 78-бабының үшінші бөлігінде және 91-бабының сегізінші бөлігінде» деген сөздер «73-бабының тоғызыншы бөлігінде, 79-бабының екінші бөлігінде және 82-бабының сегізінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; «64-70» деген цифрлар «63,64,65,66,67,68,69,70,71,72,73» деген цифрлармен ауыстырылсын; 9) 10-тармақта «161», «159» деген цифрлар тиісінше «158», «156» деген цифрлармен ауыстырылсын; 10) 11-тармақта: «30», «24» деген цифрлар тиісінше «27», «23» деген цифр­лармен ауыстырылсын; «осы бапта көрсетілгендерден басқа­лары» деген сөздер «соттылығы заңмен басқа сотта айқындалған істерден бас­қалары» деген сөздермен ауыстырылсын; «мүшелері» деген сөзден кейін «, сондай-ақ бұрынғы» деген сөздермен толықтырылсын; 11) 12-тармақта: «ақшалай талап қойылып отырғаны айқын болса да, мүліктік емес сипаттағы талаптар ретінде» деген сөздер «АПК-нің 104-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес, егер талапкер заңнамаға сәйкес мемлекеттік баж төлеуден босатылмаса» деген сөздермен ауыстырылсын; «Алайда» деген сөз алып тасталсын; «111» деген цифрлар «113» деген цифрлармен ауыстырылсын; «өтемақы сомасының» деген сөздер «талап арыздың қана­ғат­тандырылған бө­лігінің» деген сөздермен ауыстырылсын; 12) мынадай мазмұндағы 12-1-тар­мақпен толықтырылсын: «12-1. АПК-нің 164-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, азамат­тық істерді сот талқылауына дайындау, талап қою арызы қабыл­­данған күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктіріл­мей жүргі­зілуге тиіс. Алименттерді өндіріп алу туралы, денсаулық­тың бұзылуынан келтірілген зиянды өтеу туралы, сондай-ақ асырау­шысынан айырылуына байланысты істерден басқа айрық­ша қиын істер бойынша ерекше жағдайларда және еңбек қатынас­тарынан туындайтын талаптар бойынша істі сот талқылауына дайындау үшін берілген мерзім өткеннен кейін бұл мерзім судья­ның ұйғарымы бойынша қосымша бір айға ұзартылуы мүмкін. Көрсетілген мерзім шегінде сот бірқатар процестік әрекеттер жасайды, сондай-ақ жауапкерге талап қою арызына пікір ұсы­нуды сотқа беруге міндеттейді (АПК-нің 165-бабының бірінші тармағы). АПК-нің 166-бабының екінші бөлігіне сай, пікір сот отырысы басталғанға дейін онымен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін сот белгілеген мерзімде ұсынылады. АПК-де көрсетілген нормалар негізге алына отырып, пікір ұсыну мерзімін жауапкердің тұрғылықты немесе тұрған жері мен басқа да объективті себептерді негізге ала отырып, бірақ істі сот талқылауына дайындау үшін белгіленген мерзім шегінде сот белгілейтіні соттарға түсіндірілсін (АПК-нің 164-бабының бірінші бөлігі)»; 13) 13-тармақта: «180», «181», «189», «201» деген цифрлар тиісінше «189», «190», «198», «208» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: «АПК-нің 198-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, егер сот іске қатысатын адамдардың қайсыбiрінің келмеуi, АПК-нің 73-бабының қағидалары бойынша қосымша дәлелдемелерді ұсыну немесе талап ету қажеттілігі, АПК-нің 153-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайда қарсы талап қойылған кезде, өзге де процестік әрекеттер жасаудың қажеттілігі салдарынан істі осы сот отырысында қарау мүмкін емес деп тапса, iстi талқылауды кейiнге қалдыруға жол беріледі. Кейінге қалдырудың жеткілікті негіз­ділігін қамтамасыз ету үшін азаматтық істерді қарау барысында кейінге қалдырулар санының әдетте төрт реттен аспауға тиіс екені соттарға түсіндірілсін.»; 14) 14-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Жауапкер бірінші және апелляциялық сатыдағы соттарға жазбаша өтініш беру жолымен істі сот талқылауына дайындау кезінде немесе сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін талап қоюды толық немесе ішінара мойындауға құқылы»; екінші абзацта: «, содан кейін жауапкердің талаппен келісуі туралы арызын қабылдау не қабылдамау туралы ұйғарым шығарады» деген сөздер және екінші, үшінші сөйлемдер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын: «Егер жауапкер талап қоюды ішінара мойындаса, онда сот талқылауын өткіз­геннен кейін және талап қоюды мойындауды сот қабылдаған соң барлық қойылған талаптар бойынша шешім қабылданады. Дәлелдемелерді зерттеу жауапкер талапты мойындамаған бөлікте ғана жүргізіледі. Алдын ала сот отырысында шешім қабылдау бөлігінде талап қою мойындалған кезде тараптардың уәждерін, дәлелдемелерді зерттеудің қажеттілігіне орай істі сот талқылауына тағайындау қажет. АПК-нің 48-бабының екінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша жауапкердің талап қоюды толық немесе ішінара ­мо­йындауын қабылдау туралы не осындай мойындау­­ды қабыл­дамау туралы соттың шешімінде немесе қаулысын­да көрсетіледі. Осы мәселе бойынша бөлек ұйғарым шығарылмайды»; 15) 15-тармақта «арыз сотқа түскеннен» деген сөздер «сот талқылауына дайындау аяқталғаннан» деген сөздермен ауыс­тырылсын; 16) 16-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Егер борышкер сот бұйрығының көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде немесе оның шығарылғаны туралы оған белгілі болған күннен бастап мәлімделген талапқа қарсылығын сотқа жолдаса, онда судья үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзім ішінде сот бұйрығының күшін жою туралы не сот бұйрығының күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Егер жауапкер осындай қарсылық беру мерзімін дәлелді себептер бойынша өткізіп алса, онда ол АПК-нің 126-бабына сәйкес қалпына келтірілуі мүмкін.»; 17) 17 және 18-тармақтарда «260», «332» деген цифрлар тиісінше «256», «401» цифрлармен ауыстырылсын; 18) 19-тармақта: бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Сот шешіміне апелляциялық ша­ғым (наразылық) беру үшін АПК-нің 403-бабының үшінші бөлігінде көзделген мерзімді АПК-де белгіленген жағдайларды қоспағанда шешім түпкілікті нысанда шығарылған күннен бастап, ал сот талқылауына қатыспаған адамдар үшін оларға шешімнің көшірмесі жолданған күннен бастап есептеу керек.»; екінші абзацта: «бес» деген сөзден кейін «жұмыс» деген сөзбен толықтырылсын; «он бес күннің» деген сөздер «бір айдың» деген сөздермен ауыстырылсын; 19) 20-тармақта: 2) және 3) тармақшалар алып тасталсын; 4) тармақшаның екінші сөйлемі алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: «5) бірінші сатыдағы соттың шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасынан тыс шығарып жіберу туралы шешімдері.»; 20) 21-тармақта: «128» деген цифрлар «126» деген цифрлармен ауыстырылсын; «344-бабының төртінші бөлігінде» деген сөздер «429-ба­бының бірінші бө­лігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 21) 22-тармақта «345», «347» деген цифрлар тиісінше «412», «413» деген цифрлармен ауыстырылсын; 22) 23-тармақта: «189, 242, 243, 247, 249» деген цифрлар тиісінше «198, 272, 273, 277, 279» деген цифрлармен ауыстырылсын; «қаулы» деген сөз «ұйғарым» деген сөзбен ауыстырылсын; 23) 24-тармақта: екінші абзацта: «65», «66» деген цифрлар тиісінше «72», «73» деген цифрлармен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «АПК-нің 404-бабының екінші бөлі­гінде көзделген ­жағ­дай­­да дә­лелдемелер апелляциялық сатыдағы сотқа ұсыны­луы мүмкін»; 24) 26-тармақта: «365-бабында» деген сөздер «427-бабының екінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; «247», «249» деген цифрлар тиісінше «277», «279» деген ­цифрлармен ауыстырылсын; екінші абзацтағы «қаулылары» деген сөз «ұйғарымдары» ­деген сөзбен ауыстырылсын; 25) 27-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «27-1. Апелляциялық шағым берген адам апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін одан бас тартуға немесе бірінші сатыдағы сотта оны кері қайтарып алуға құқылы. Прокурор наразылықты апелляциялық сатыдағы сот қаулы шығарғанға дейін кері қайтарып алуға құқылы. Апелляциялық сатыдағы сот апелля­циялық шағымнан бас тартуды қабылдау туралы ұйғарым шығарады, егер шешімге басқа адамдар шағым бермесе немесе жоғары тұрған прокурор наразылық келтірмесе апелляциялық іс жүргізу тоқтатылады (АПК-нің 409-бабының екінші бөлігі). Шағым, наразылық кері қайтарылып алынған жағдайда сот оны қайтару туралы ұйғарым шығарады, ол шағымдануға және наразылық келтіруге жатпайды.»; 26) 27-2 және 27-3-тармақтар алып тасталсын; 27) 28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «28. АПК-нің 434-бабының бірінші бөлігіне сәйкес, жергілікті және басқа да соттардың заңды күшiне енген сот актiлерi оларға шағым жасаудың апел­ляциялық тәртібі сақталған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мамандандырылған сот алқасының сот актілері тараптар және олардың өкілдері, іске қатысушы басқа да адамдар берген өтініштер бойынша кассациялық тәртiппен қайта қаралуы мүмкiн. АПК-нің 441-бабының екінші бөлігіне сай, іске қатысуға тартылмаған адамдар аталған сот актілеріне олардың құқықтары мен міндеттері туралы мәселе шешілген жағдайларда ғана шағым беруге құқылы.»; 28) 29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «29. АПК-нің 436-бабының бірінші бөлігіне сай, шағымдалып отырған (наразылық келтірілген) сот актісі заңды күшіне енген күннен бастап алты айдың ішінде өтінішхат берілуі (наразылық келтірілуі) мүмкін. Кассациялық өтініш­хат берудің (наразылық келтірудің) алты айлық мерзімі сот актісі АПК-нің 431-бабында көрсетілген қағидалар бойынша заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі. Егер кассациялық сатыдағы сот заңды күшіне енген сот актілерін жаңа шешім шығарып өзгертсе немесе күшін жойса, онда мұндай қаулыға шағымдану мерзімі осы қаулы шығарылған күннен бастап есептеледі. АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына және 444-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, алты ай­лық мерзім өткізіліп берілген және оны қалпына келтіру тура­лы­ өті­н­іш­хатсыз берілген өтінішхат оны берген адамға қайта­ры­лады. Егер шағым берудің өткізілген мерзімін қалпына келтіру туралы өтінішхат қоса тіркелген өтінішхатты қарау кезінде заң­ды күшіне енген сот актісін қайта қарау үшін АПК-нің 438-бабының бесінші бөлігінде көзделген негіздердің жоқ­тығы анықталса, онда АПК-нің 442-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақ­шасына және 444-бабы бірінші бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, өтінішхатты кері қайтару туралы қаулы шығарылады. Егер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына касса­циялық алқаға наразылық келтіру туралы өтінішхат алты айлық мерзім ішінде берілсе, бірақ прокурор наразылықты кешіктіріп келтірсе, кассациялық алқа заңда белгіленген мерзімді АПК-нің 436-бабының төртінші бөлігінің талабына сай қалпына келтіреді. Егер алты айлық мерзім бұзылып берілген және оны қалпына келтіру туралы өтінішхаты бар өтінішхатты қараудың нәтижелері бойынша шағым берілген сот актілерін қайта қарау жөнінде кассациялық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығарылса, онда кассациялық сатыдағы сот осы мерзімді қалпына келтіру туралы мәселені АПК-нің 450-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіпте сот отырысында қарайды. Прокурордың наразылық келтіру мерзімін қалпына келтіру туралы мәселені де кассациялық сатыдағы сот осындай тәртіппен қарайды. Кассациялық өтінішхат (наразылық) берудің дәлелсіз себептермен өткізіліп алынған мерзімі қалпына келтіруге жатпайды, ал өтінішхат (наразылық) қаралмай кері қайтарылады.»; 29) 30-тармақта: «387-бабының үшінші бөлігіне» деген сөздер «438-бабының бесінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; «366-бабының бірінші бөлігінде» деген сөздер «427-бабының төртінші бөлігінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 30) 31-тармақта: «37-бабының үшінші бөлігіне» деген сөздер «35-бабының бесінші бөлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын; «366» деген цифрлар «427» деген цифрлармен ауыстырылсын; 31) 32-тармақта «189» деген цифрлар «198» деген цифрлармен ауыстырылсын; 32) 33-тармақта «396» деген цифрлар «448» деген цифрлармен ауыстырылсын; 33) 35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «35. Апелляциялық және кассациялық саты судьясының ерекше пікірінің маз­мұ­нын жария етуге жол берілмейді. Касса­­циялық сатыдағы сот осы істі қа­ра­ған кезде ерекше пікірмен танысуға құқы­лы.»; 34) 40-тармақта «253» деген цифрлар «270» деген цифрлармен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Консти­туциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.МӘМИ   Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы, жалпы отырыс хатшысы Қ.ШАУХАРОВ