01 Ақпан, 2011

Ынтымақтастық жалғастығы

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Рес­пуб­ликасының Мемлекеттік хат­­шысы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Ислам Конференциясы Ұйымы­ның Бас хатшысы Экмеле­д­дин Ихсаноглу телефон ар­қы­лы сөйлесті, деп хабар­ла­ды ҚР СІМ-інің бас­пасөз қызметі. Халықаралық мәртебелі ұйымның Бас хатшысы Қазақстан халқы мен Елбасы Нұрсұлтан На­зар­баевты Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынты­мақтастық ұйымындағы төрағалығымен және Астана Саммитінің табысты өткізілуімен құт­тық­тады. Соны­мен қатар, Бас хатшы Қазақстанның ал­дағы ИКҰ-ға төрағалығына үлкен үміт ар­та­тынын мәлімдеді. Осы ретте тараптар ИКҰ қызметінің өзекті мә­селелерін талқылады. Үстіміздегі жылдың наурыз айына жоспарланып отырған маңызды мәселелер қатарында Шарм әл-Шейхте өтетін Ислам Кон­ференциясы Ұйымының Саммиті мен Египет Араб Республикасында орын алып жатқан оқиғалар сөз етілді. Әріптестер ұйым аясында және халықаралық мәселелер бойынша нақты және тығыз бай­ла­ныстарды одан әрі қарай жалғастыруға уағдаласты.