01 Шілде, 2016

Қазақстан Республикасының Заңы № 5-VI ҚРЗ

411 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы 1-бап. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 13, 99-құжат; 2005 ж., №9, 26-құжат; 2006 ж., №1, 5-құжат; №3, 22-құжат; №11, 55-құжат; №12, 79, 83-құжаттар; №16, 97-құжат; 2007 ж., №1, 4-құжат; №2, 18-құжат; №14, 105-құжат; №15, 106, 109-құжаттар; №16, 129-құжат; №17, 139-құжат; №18, 143-құжат; №20, 152-құжат; №24, 180-құжат; 2008 ж., №6-7, 27-құжат; №15-16, 64-құжат; №21, 95-құжат; №23, 114-құжат; 2009 ж., №2-3, 18-құжат; №13-14, 62-құжат; №15-16, 76-құжат; №17, 79-құжат; №18, 84, 86-құжаттар; 2010 ж., №5, 23-құжат; №24, 146-құжат; 2011 ж., №1, 2-құжат; №5, 43-құжат; №6, 49, 50-құжаттар; №11, 102-құжат; №12, 111-құжат; №13, 114-құжат; №15, 120-құжат; 2012 ж., №1, 5-құжат; №2, 9, 11-құжаттар; №3, 27-құжат; №4, 32-құжат; №5, 35-құжат; №8, 64-құжат; №11, 80-құжат; №14, 95-құжат; №15, 97-құжат; №21-22, 124-құжат; 2013 ж., №1, 3-құжат; №9, 51-құжат; №14, 72, 75-құжаттар; №15, 77, 79, 81-құжаттар; 2014 ж., №2, 10-құжат; №8, 44-құжат; №11, 63, 64-құжаттар; №12, 82-құжат; №14, 84-құжат; №19-І, 19-ІІ, 96-құжат; №21, 118, 122-құжаттар; №23, 143-құжат; №24, 145-құжат; 2015 ж., №8, 42-құжат; №11, 57-құжат; №19-I, 99, 101-құжаттар; №19-II, 103-құжат; №20-IV, 113-құжат; №20-VII, 115, 117-құжаттар; №21-I, 124, 126-құжаттар; №22-II, 145-құжат; №22-VI, 159-құжат; 2016 ж., №6, 45-құжат; №7-ІІ, 53, 56-құжаттар; №8-ІІ, 72-құжат): 1) 24-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «1. Мемлекеттік меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте белгiленген тәртiппен және шарттарда Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлғаларына жер пайдалану құқығымен берiлуi мүмкiн.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің; 2) 24-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің, 2, 3 және 4-тармақтарының, 37-баптың 5-тармағы 2) тармақшасы үшінші абзацының, 48-баптың 2-тармағының, 97-баптың 6-тармағы 1) және 3) тармақшаларының; 3) 97-баптың 6-тармағы 2) тармақшасының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «2) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргізу, орман өсiру, ғылыми-зерттеу, тәжiрибе жүргiзу және оқыту мақсаттарында, қосалқы ауыл шаруашылығын, бақша шаруашылығын және мал шаруашылығын жүргiзу үшiн жер пайдалануға беріледі.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің; 4) 101-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі тоқтатыла тұрған кезеңде мынадай: «1. Жер учаскелерi шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының азаматтарына – уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге, ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылымдар) үшiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен осы Кодекске сәйкес берiледi.» деген редакцияда қолданылады деп белгіленіп, осы бөліктің қолданысы 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын. 2-бап. «Қазақстан Респуб­лика­сының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 21-I, 126-құ­жат) қолданысқа енгізілуі 2016 жыл­ғы 31 желтоқсанға дейін тоқтатыла тұрсын. 3-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қол­данысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2016 жылғы 30 маусым № 5-VI ҚРЗ