ҚХА Кеңесінің мүшесі, Қазақстандағы «Барбанг» күрдтер ассоциациясының президенті Князь Мирзоевпен әңгіме
– Князь Ибрагимұлы, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүше болып сайландық. Бұл шешім шыққанша, барша қазақстандықтар бір кісідей еліміздің тілеуін тілегеніміз рас. Қазақстандағы ұлттар достығының үндеушісі ретінде осы бір қуанышты хабар жөнінде не айтқан болар едіңіз?
– Бұл біз үшін зор қуаныш арқалаған сүйінші хабар болды. Дәл бүгінгі геосаяси ахуал ұшынып тұрған шақта, демократияны желеу еткен астыртын әрекетшілердің қағынып тұрған шағында, көрші болып қатар жасап келе жатқан мемлекеттердің арасына шоқ тастап, қырғи-қабақ етіп қоятын сұрқия әрекеттер асқынып тұрған кезде мұндай бүкіл әлемдік қабырғалы ұйымға мүше болу – ел Тәуелсіздігі мен даму тұрақтылығының кепілі екендігіне дау жоқ.
Жақсы хабарды ести сала, өзімнің киелі шаңырақ – Қазақстан халқы Ассамблеясы аясында Қазақ елінің бірлігі мен ынтымағына, дамуы мен ілгері басуына үлес қосып келе жатқан әріптес-замандастарыма, осындағы өзге ұлт этномәдени бірлестіктерінің жетекшілеріне хабарласып, еліміздің жаңа бір сенімділікке ие болғанын, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің айтулы елдерін шарлап, алтын бесік – Қазақстанымыздың дамуы мен әлемде еңсесі биік елдер қатарынан көрінуіне бел шеше атқарып жүрген ерен еңбегі осылайша тағы бір биіктен көрінгендігін айтып, өзара бір қуанысып қалдық.
– Күллі әлемнің қауіпсіздігін қадағалайтын бұл Кеңеске мүше болу – оң жамбасқа икемдеп, қағып сала беретін оңай шаруа емес. Дүниенің дамуына өзіндік үлес қосып отырған 200-ге тарта мемлекет дауысқа салып, соның 138-і Қазақстанға шар салып, қалғаны бізбен бақ сынасқан Таиландқа бүйрек бұрыпты...
– Таиланд – Азиядағы екпінді дамып келе жатқан мемлекет, мәдениеті, қолөнері, сыртқы дүниемен байланысы әбден пысықталып, жолға қойылған ел. Ал біздің Тәуелсіз ел болғанымыз – кеше ғана болса, Таиландтың халықаралық саяси-экономикалық байланысқа әлдеқашан шығып, бізден бұрын орнығып үлгергені белгілі. Бірақ: «Неге барша дауыс беруші елдер бізді таңдады?» деген сұрақ өздігінен бас көтерері анық қой. Бұл – біздің Қазақ елінің, бейбітсүйгіш Қазақстан мемлекетінің әлемге танылғандығының белгісі болса, осындай берекелі елді басқарып, түрлі саяси ахуалдардың арасынан барша жұртпен тіл табыса отырып, еш қиыншылыққа ұрындырмай бастап келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтай Елбасымыздың ұстанған саясатының нақты нәтижесі. Ғасырдың ширегіндей ғана уақыт аралығында тұтас мемлекеттердің тағдырын шешетін азулы елдердің алдында абыройға ие болу оңай ма? Халықаралық деңгейде өз ұстанымын сақтап қана қоймай, оны дәлелдеп, өзгенің сеніміне ие болу үшін бір ғасыр дегеніңіздің өзі мемлекет үшін сөйлеуді жаңа үйренген сәбидей ғана мерзім. Оның сыртында алып елдермен көрші бола отырып, басқа әлем, өзге мәдениеттің тасқыны ақтарыла салатын Азия мен Еуропаның кіндік белдеуінде тұрып, халықаралық саясат пен әлемдік экономиканың жүрдек көшіне ілесу – әрине, сырткөз сынай отырып салмақтайтын баға. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы бойынша жаһандық қауіпсіздік пен бейбітшілікті сақтауға өкілеттенген ең маңызды саяси органның құрамына тарихта бірінші болып Орталық Азия көлемінде сайланған мемлекет болу – жаһан алдындағы мәртебемен қатар, үлкен жауапкершілік. Өз басым Қазақ елі мен оның Мемлекет басшысы бұл жауапкершілікті де абыроймен алып жүре алатындығына кәміл сенемін!
Әңгімелескен
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48