Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында «Әуен» балалар ансамблі бар. Осы жас өнерпаздар тобы Астанада тұңғыш рет өткен «Жарық жұлдыз» халықаралық телевизиялық өнер байқауында «Эстрадалық вокал» аталымы бойынша Гран-при иегері атанды.
Сайысқа еліміздің әр аймағындағы іріктеу кезеңінде үздік атанған өнерпаздар қатысса, «Әуен» ансамблі де «Сарыарқа дарыны» облыстық байқауында бас жүлдені жеңіп алып, Астанадағы осы бәйгеге жолдама алған болатын.
Бізбен әңгімесінде ансамбль жетекшісі Саламат Мүбәрак: «Әуеннің» құрылғанына көп бола қойған жоқ, – деді. – Биыл наурыз айынан бері жұмыс істеп жатырмыз. Жалпы, Ақтоғай ауданында «Ардагерлер» ансамблі, «Тоқырауын» ән-би, «Арман» эстрадалық жастар, «Балбырауын» би ансамблі, «Сарыжайлау» ұлттық аспаптар оркестрі, «Ақтоғай» және «Шалқар» халық театрлары бар еді. Тек балалар өнер ұжымы жоқ болатын. Сондықтан, «Әуен» ансамблін ұйымдастырдық».
Оның құрамындағы сегіз баланың әрқайсысы әртүрлі байқауларда жеңімпаз болғандар. Мысалы, Самал Мағауина Тәттімбеттің 200 жылдығына арналған республикалық күйшілер сайысында озып шықса, Әмина Есім Астанадағы «Күншуақ» қорының ұйымдастыруымен өткен республикалық «Сәлем, Астана» байқауында Гран-при иеленген. Мадияр Өмірғалы болса «Сәлем, Астана!» байқауында І орын, Елнара Мірәсіл Алматы қаласындағы халықаралық өнер фестивалінде I орын, Ғабит Серік, Аружан Боранқұл, Мөлдір Молдашева сияқты жеткіншектер де түрлі конкурстарда жүлделі орыннан көрінгендер».
Негізінде, Ақтоғай аудандық «Өнер» мектебі алғаш 2003 жылы құрылғанда 60 оқушы болса, бүгінде мектепте 230 ұл-қыз оқиды. Олар домбыра, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән, көркемсурет сыныптарында білім алып, қабілеттерін шыңдауда. Ақтоғай – өрелі өнер тұнған, небір дүлдүл өнерпаздар шыққан мекен. Сондықтан, «Әуен» балалар ансамблінің де тарихы ұзақ, алар асулары биік болады деп сенеміз.
Ернат ҚАШҚЫНОВ
Қарағанды облысы,
Ақтоғай ауданы

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19