«Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған әдебиет бағытындағы дәстүрлі «Алтын тобылғы» бәйгесіне өтінімдерді қабылдайды. Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.
«ҚР Тұңғыш Президенті Қоры» жас таланттарды қолдау бағытында «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығын алғаш 2015 жылы тағайындаған. Аталған жабық байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің қоғамдық өмірдегі философиясын көрсете отырып жаңа заман әдебиетіне құлшынысын арттыру болып табылады.
Жобаның серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
«ҚР Тұңғыш Президенті Қорының» атқарушы директоры Сағындық Нұраханов: «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығы рухани көкжиегімізді кеңейту мақсатында арнайы тағайындалды. Бұл әдеби жоба аз ғана уақыттың ішінде қоғамымызға кеңінен танылып, жас қаламгерлер үшін де айтулы оқиға болды. Аталған сыйлық Қазақстанның шығармашылықпен және ғылыммен айналысатын дарынды жастарын қолдауға бағытталған ол Қордың дәстүрлі байқау бағдарламаларының қатарына енгізілді. Қордың лауреаттары, стипендиаттар мен грант иелері – өздерінің жетістіктерін республика көлемінде ғана көрсетіп қоймай, шетелде де кеңінен танылған есімдер. Биылғы жылғы әдеби байқау да еліміздің рухани кеңістігі үшін айтулы оқиға болатынына және бүгінгі кезең әдебиетіне тың туындылар ұсынатын лайықты есімдер қатары арта түсетініне сенімдіміз» – деп айрықша атап өтті.
Байқауға Қазақстанның 18-35 жас аралығындағы жас дарындары қатыса алады. Жабық бәйгеге бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған (кітаптарда, газет-журналдарда, интернет-порталдарда, әлеуметтік желілерде) туындылар ғана қабылданады.
«Алтын тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балалар әдебиеті» деген төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір номинацияның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі. Сонымен қатар, биылғы жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл номинация бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.
Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады.
Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі сияқты өлшемдер бойынша бағаланады. Бұл ерекше байқау, себебі ол жас авторларға арналған және онда бұдан бұрын жарияланбаған жаңа туындыларға баға беріледі.
Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау әділдігі барынша жетілдірілген. Шығарма лақап атпен қабылданады. Автордың толық аты-жөні және өмірбаяны арнайы бөлек конвертке салынып, шығармамен бірге жолдануы тиіс. Шығармаларды толық сараптап, бағалап болған соң ғана автор туралы мәлімет салынған конверт арнайы комиссияның көзінше ашылып, Қазылар алқасына ұсынылады.
Өтінімдер 2016 жылғы 1 шілде мен 1 қараша аралығында төменде көрсетілген тиісті мекенжайда қабылданады. Шығармалардың электронды нұсқасын қоса жіберу қажет.
Әр номинация бойынша таңдаулы деп танылған жеңімпаздар есімі 2016 жылғы желтоқсан айында жарияланатын болады.
Қосымша ақпаратты www.fpp.kz сайтынан алуға болады.

Мамыр айында ел тұрғындары неше күн демалады?
Қоғам • Бүгін, 17:51
Әлемдік сарапшы Кай-Фу Ли Алматыда ЖИ бойынша сабақ өткізді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:30
Филиппинде Майон жанартауы атқылады: 5 000-нан астам адам эвакуацияланды
Әлем • Бүгін, 17:02
Еуропада қазақстандық көмірге сұраныс артты: Экспорттық баға көтеріліп жатыр
Экономика • Бүгін, 16:33
Сүйінші: Қазақстандық триатлоншы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:51
Елордадағы LRT құрылысы: Қосшы бағытындағы жұмыстардың жай-күйі белгілі болды
Оқиға • Бүгін, 15:37
Тоқаев жаңа құлынға Ақниет деп ат қойды: Президент тұлпарлардың күтімін көрді
Президент • Бүгін, 15:09
Дональд Трамп Иран ұсынған 14 шарттан тұратын жоспарға күмән келтірді
Әлем • Бүгін, 14:50
ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттырмақ
Экономика • Бүгін, 14:33
Ветеринарлық чип қосылған самса: Алматыда танымал дәмханадағы жағдай жұртты шошытты
Оқиға • Бүгін, 14:09
Тұрар ауылындағы жаппай төбелестің видеосы тарады
Оқиға • Бүгін, 13:46
Астаналықтар назарына: Павлодар бағытындағы айналма жол 13 мамырға дейін жабылады
Оқиға • Бүгін, 13:04
10 маусымға дейін үлгеріңіз: Президент сыйлығы мен грантына құжат қабылдау басталды
Оқиға • Бүгін, 12:41
Полицейлерді роботтар алмастыра ма? Қытай көшелеріне «темір сақшылар» шықты
Әлем • Бүгін, 12:19