01 Шілде, 2016

Астана күніне – Алматы сыйы

386 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Алматы - прием в партию БР«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро мүшесі, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы және қала әкімі Бауыржан Байбек Астана күні қарсаңында қала­­дағы «Нұр Отан» пар­тия­­сының аудандық ғи­ма­ратының ашылу салтана­тына қатысып, партия қата­рына жаңадан қосыл­ған аза­мат­тарға партия билет­терін тапсырды. «Нұр Отан» партиясының бас­ты мақсатының бірі – аудандық филиалдар қызметін халықтың еркін пайдалануына қол жеткізу мен бастауыш ұйымдардың, сондай-ақ, аудандардағы Қоғам­дық қабылдау қызметін ел игілігі үшін күшейте түсу екендігін айтқан Бауыржан Байбек қала­ның Бостандық ауданында ашыл­ған партияның аудандық фи­лиа­лының жұмысына сәттілік тіледі. – Осы уақытқа дейін партия­ның 8 аудандық филиалының 6-ның өз ғимараттары болды. Міне, бүгін өздеріңізбен 7-ғи­мараттың ашылуында бас қосып тұрмыз. Ендігі кезекте Наурызбай ауданының ғима­раты салынбақ. Мұның бар­лығы алматылықтардың мүд­десі үшін жасалып отыр. Тұрғын­дар­ға орталыққа жүгірмей-ақ, жер­гі­лік­ті жерлерде өздерінің мәсе­ле­лерін шеше алатындай жағ­дай ту­ғызылуда. Бастауыш пар­тия ұйым­дары мен аудандық филиал­дардың қызметі тиімді бола түседі деген сенімдеміз. Тек біртұтас күшімізді біріктіре отырып, алға қойған мақ­сат­тарымызға жете аламыз, – деп атап өтті қала басшысы. Қазіргі кезде аудандық филиал­­дардың материалдық-техни­ка­лық базалары ны­ғайтылуда. Қоғам­дық қабылдау бөлмелерінің алма­тылықтарды алаңдатқан мәсе­лелерді жер­гілікті жерде тиімді шешуге ық­пал жасарлықтай мүм­кіндігі бар. Тек осы жылдың бес айында ғана қалалық және аудан­дық филиалдардың қоғамдық қабыл­дауларында жергілікті ат­қару органдарының өкілдері мен мәслихат депутаттары 300-ден аса қабылдау өткізіп, 2,5 мың адам­ның өтініштерін қараған. Астана күні қарсаңында партия қатарына өтушілер арасында «2015 жылдың үздік ме­йір­бикесі», №4 қалалық емхана бас дәрігерінің медбикелер ісі жөніндегі орынбаса­ры Әмина Шүкірова, техни­ка ғылымдарының докторы, «Ал­маты полиграфия кол­лед­жі­нің» директоры Билалдин Ахметов, «Күміс алқа» иегері, «Экспресс-Консалтинг» компа­ния­сының директоры Ақнұр Жұмабаева, ша­ғын және орта бизнес өкілі, «Мега Лис» типографиясының директоры Сергей Липинский, Халықаралық бизнес универ­ситетінің әлеуметтік даму жөнін­дегі проректоры Қайыржан Мең­діғалиев, Алматы қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы Абдухалил Оралбаев, медици­на ғылымдарының док­торы, Педиа­трия және бала хи­рургия­сы ғы­лыми орталығының директоры Риза Боранбаева бар. – Біз сіздерді «Нұр Отан» партиясы қатарына қабыл­дану­ларыңызбен шын жүректен құт­тықтаймыз. Сіздердің өмір­лік тәжірибелеріңіз бен білік­ті­лік­теріңіз партияға күш-қуат қосады деп ойлаймыз. Бұл ретте партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нұротандықтар алдына қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруда аудандық фи­лиал­­дардың күшейтілуі аса маңызды рөл атқаратыны ақиқат, – деді Бауыржан Байбек. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан» АЛМАТЫ