«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің бюро мүшесі, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы және қала әкімі Бауыржан Байбек Астана күні қарсаңында қаладағы «Нұр Отан» партиясының аудандық ғимаратының ашылу салтанатына қатысып, партия қатарына жаңадан қосылған азаматтарға партия билеттерін тапсырды.
«Нұр Отан» партиясының басты мақсатының бірі – аудандық филиалдар қызметін халықтың еркін пайдалануына қол жеткізу мен бастауыш ұйымдардың, сондай-ақ, аудандардағы Қоғамдық қабылдау қызметін ел игілігі үшін күшейте түсу екендігін айтқан Бауыржан Байбек қаланың Бостандық ауданында ашылған партияның аудандық филиалының жұмысына сәттілік тіледі.
– Осы уақытқа дейін партияның 8 аудандық филиалының 6-ның өз ғимараттары болды. Міне, бүгін өздеріңізбен 7-ғимараттың ашылуында бас қосып тұрмыз. Ендігі кезекте Наурызбай ауданының ғимараты салынбақ. Мұның барлығы алматылықтардың мүддесі үшін жасалып отыр. Тұрғындарға орталыққа жүгірмей-ақ, жергілікті жерлерде өздерінің мәселелерін шеше алатындай жағдай туғызылуда. Бастауыш партия ұйымдары мен аудандық филиалдардың қызметі тиімді бола түседі деген сенімдеміз. Тек біртұтас күшімізді біріктіре отырып, алға қойған мақсаттарымызға жете аламыз, – деп атап өтті қала басшысы.
Қазіргі кезде аудандық филиалдардың материалдық-техникалық базалары нығайтылуда. Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің алматылықтарды алаңдатқан мәселелерді жергілікті жерде тиімді шешуге ықпал жасарлықтай мүмкіндігі бар. Тек осы жылдың бес айында ғана қалалық және аудандық филиалдардың қоғамдық қабылдауларында жергілікті атқару органдарының өкілдері мен мәслихат депутаттары 300-ден аса қабылдау өткізіп, 2,5 мың адамның өтініштерін қараған.
Астана күні қарсаңында партия қатарына өтушілер арасында «2015 жылдың үздік мейірбикесі», №4 қалалық емхана бас дәрігерінің медбикелер ісі жөніндегі орынбасары Әмина Шүкірова, техника ғылымдарының докторы, «Алматы полиграфия колледжінің» директоры Билалдин Ахметов, «Күміс алқа» иегері, «Экспресс-Консалтинг» компаниясының директоры Ақнұр Жұмабаева, шағын және орта бизнес өкілі, «Мега Лис» типографиясының директоры Сергей Липинский, Халықаралық бизнес университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Қайыржан Меңдіғалиев, Алматы қаласындағы өзбек этномәдени бірлестігінің басшысы Абдухалил Оралбаев, медицина ғылымдарының докторы, Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығының директоры Риза Боранбаева бар.
– Біз сіздерді «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылдануларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен біліктіліктеріңіз партияға күш-қуат қосады деп ойлаймыз. Бұл ретте партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев нұротандықтар алдына қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруда аудандық филиалдардың күшейтілуі аса маңызды рөл атқаратыны ақиқат, – деді Бауыржан Байбек.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48