08 Шілде, 2016

Бір ағашта 40 жеміс өседі

796 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Sam Van AkenНью-Йорк қаласының Сиракуз өнер университетінде жұмыс істейтін Сэм Ван Акен деген оқытушы көшеттердің бұтақтарын бір-біріне байлап, будандас­тырып, 40 жеміс шығатын ағаш өсіріп шықты. Алғашқы кезде бұтақтар гүлдеп жеміс берді. Содан кейін оған телінген түрлі жеміс бұтақтары көбейіп, олардың саны 40-қа жетті. Қазір оның өсірген ағашында өрік, шабдалы, алхоры, шие, бадам, алма және алмұрт жемістерінің бірнеше түрі өсіп тұр. Әр мәуенің пісетін мезгілі әртүрлі екен. Сондықтан ағаш жыл бойы жеміс береді. Ол жеміс өсетін ағашты алғаш рет 2008 жылы өсіріп шығарды. Содан бері көп жеміс беретін 16 гибрид ағаш будандастырылды. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше