[caption id="attachment_50441" align="aligncenter" width="700"]
Фото: vk.com[/caption]
Футболдан Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатының жартылай финалында турнир иелері мен Германия құрамасы Марсель қаласында кездесті.
Германия – Франция 0:2 (0:1)
Стадион: «Велодром».
Төреші: Никола Риццоли.
Германия: Нойер, Хектор, Хеведес, Боатенг (Мустафи 61), Киммих, Швайнштайгер (Сане 79), Кроос, Джан (Гетце 67), Дракслер, Озил, Мюллер.
Франция: Льорис, Санья, Юмтити, Косельни, Эвра, Матюиди, Погба, Сиссоко, Гризманн (Кабай 90), Пайе (Канте 71), Жиру (Жиньяк 78)
Голдар: Гризманн 45 (пенальти), 72.
Ескерту алғандар: Джан 36, Озил 45, Швайнштайгер 45, Дракслер 50 – Эвра 43, Канте 75.
Бұл кездесуде басты фаворит ретінде Германия құрамасы саналғаны белгілі. Жанкүйерлер «неміс мәшинесін» финалға шығады деп күткен еді. Алайда, дүбірлі доданы өз елінде өткізіп жатқан француздар ол ойдың қате екеніне көз жеткізді.
Матчты Франция өте ширақ бастады. Ойын бастала сала шабуылға шыққан олар 7-минутта-ақ есеп ашатын мүмкіндіктері болған еді. Оңтайлы сәтті Антуан Гризманн тиімді пайдаланғандай көрінген, бірақ Мануэль Нойер дер кезінде қайтара білді. Алғашқы таймның аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Бастиан Швайнштайгер өз айып алаңында қолмен ойнағаны себепті төреші пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добынан Гризманн өз командасын алға шығарды.
Екінші таймда нағыз тартысты ойынның куәсі болдық. Германия әдеттегідей бәрін сақтықпен бастаған. Бірақ 72-минутта жіберген қателіктері екінші голдың соғылуына себеп болды. Айып алаңында тики-така әдісімен француздардан айласын асырмақ болған еді, бірақ ойдағыдай аяқталмады. Есесіне Погбаның әуелеткен добынан кейін Гризманн екінші доптың иесі атанып, немістерді жарыс жолынан шығарды.
Дүбірлі доданың финалдық ойыны 10-шілде күні Париж қаласындағы «Стад-де-Франс» стадионында өтеді.
Аян ӘБДУӘЛИ