09 Шілде, 2016

Боксшының байыту фабрикасы

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KAZ феррит

Қарағанды қаласында көмірді байытумен айналы­сатын жаңа фабрика ашылды. Кәсіпорынның құрыл­тай­шыларының бірі әйгілі боксшы Геннадий Головкин. Былғары қолғап шебері об­лыс әкімі Нұрмұхамбет Әб­ді­бековпен бірге өндіріс оша­ғының ашылу салтанатына қатысты.

Жаңа кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуін «KAZ Феррит» ЖШС қадағалайтын болады. Фаб­рика ескі қаланың маңында, бұрынғы трамвай депосы орна­ласқан жерде орын тепкен.

Фабриканың тұсауы кесілген соң Геннадий Головкин журналистерге қысқаша сұхбат берді. Атақты спортшы әңгіме барысында кәсіпорынға қанша инвестиция салғанын ашып айтпады. «Түзде тапқан табыстың бәрін үйге әкелдік. Жарғылық капиталға салған ақшаның мөлшерін айта алмаймын. Ал кәсіпорынның бақылау пакеті менің қолымда», – деді кеншінің баласы Г.Головкин.

Жаңадан ашылған кәсіп­орын­да Қарағанды мен Екібастұздың кө­мірі байытылатын болады. Фаб­ри­каның қуаты жылына 500 мың тон­на көмірге деп жоспарланған. Бұл жерде болашақта 150 адам тұ­­рақ­ты түрде жұмыс істейтін болады.

Фабрика құрылтайшыларының қатарында Г.Головкиннен басқа «KAZ Феррит» ЖШС мен «Са­мұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бар.

Кәсіпорын құрылтайшы­ла­ры­ның айтуынша, жаңа фабриканың басым ба­ғыт­тағы міндетінің бірі қор­ша­ған ор­таны қорғау мен экологияны сақ­тауға ерекше көңіл бөлу болмақ.

Қайрат ӘБІЛДИНОВ,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше