09 Шілде, 2016

Ізгі ниетті лебіздер легі

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасының туған күніне байланысты Әзербайжан Рес­пуб­ликасының Президенті Ильхам Әлиев құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. И.Әлиевтің құттықтауында Нұрсұлтан Назарбаевтың дана басшылығымен Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени жасампаздық жолында нық сеніммен қадам басып келе жатқаны айтылған. «Еліңіздің халықаралық беделі күн сайын артып келеді. Қа­зақ­стан мен Әзербайжан арасын­да­­ғы екіжақты қарым-қаты­нас­­ты дамытудағы және оның бү­гін­гі деңгейіне жетуіндегі Сіз­дің үлесіңіз зор. Біздің өзара сенім мен қолдауға негізделген серік­­тес­­тігі­міз тарихи терең тамырлас­тық бай­­ла­ныстырып жатқан халық­тары­мыздың игілігіне алдағы уа­қытта да қызмет ете беретініне се­німдімін», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысына Әзер­байжан Президенті мықты ден­саулық, бақыт және мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Грузия Президенті Гиоргий Маргвелашвили құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Грузия Президенті жылы ле­бізді құттықтауы мен игі тілегін жол­да­ған. «Сіз Қазақстан Республикасын өркендетуге бағытталған қа­жыр­лы қыз­метіңіз арқылы баршаның құр­метіне бөленген кемел мемле­кеттік қайраткердің жарқын мысалы болып отырсыз. Грузия мен Қазақстан Республикасы ара­сын­дағы дәстүрлі достық жә­не өзара тиімді ынтымақтастық алдағы уа­қытта да нығая бере­ті­ні­не сене­мін», – делінген жеделхатта. Г.Маргвелашвили жеке өзінің және Грузия халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқының игілігі жолында жаңа табыстар тіледі. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшелігі сайлауындағы Қазақстанның жеңісіне байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. И.Кәрімов жаһандық бей­бітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жө­ніндегі өкілеттік жүктелген осын­дай өкілді органда мүшелік ету Қазақстанның халықаралық аре­на­дағы биік беделінің әлемдік қо­ғам­дастық тарапынан мойындалуы болып саналатынын атап өткен. «Қауіпсіздік кеңесіндегі қыз­меті кезінде Қазақстан БҰҰ инс­­титуттары мен органдарын же­­тілдіру үшін, оның жалпыға ор­тақ тұрақтылық пен орнықты даму­ды қамтамасыз етудегі рөлін нығай­ту үшін барлық жағдайды жасай­тынына нық сенімдімін», – делін­ген жеделхатта. И.Кәрімов Нұрсұлтан Назар­баев­қа мықты денсаулық, жұ­мы­сы­на табыс, ал бауырлас Қазақстан хал­­қына игілік пен бақ-береке тіледі.