09 Шілде, 2016

Ынтымақтастық жалғаса бермек

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Baykonur-1 Кеше Мәскеуде «Байқоңыр» кешені бойынша Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының төртінші отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Оған Қазақстан тарапынан Премьер-Министрдің бірін­ші орынбасары Бақытжан Сағын­таев, Ресей жағынан РФ Үкіметі Төрағасының орынбасары Дмитрий Рогозин қатысты. Комиссия мүшелері Қа­зақстан және Ресей пре­зи­денттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің тапсырмалары бойынша Қазақстан мен Ресейдің кешенді екі мемлекет мүдделеріне сай сақтау, дамыту және пайдалану жөніндегі одан арғы іс-қимылдар жолын қа­лыптастыруды қарастыратын «Байқоңыр» кешеніндегі одан арғы ынтымақтастық тұжы­рымдамасының жобасын әзірлеу барысын талқылады. Отырысқа қатысушылар сон­­дай-ақ, «Байқоңыр» кеше­нінің қызмет істеуінің көкей­кес­ті мәселелерін және бір­лес­кен жобаларды, атап айт­қанда, «Бәйтерек» ғарыштық зымыран кешенін құру мәселелерін қарастырды. Оның сыртында Байқоңыр қаласын дамытуға байланыс­ты, оның ішінде, оның  ин­фра­­құ­рылымдарын, сумен жаб­дық­тау жүйесін, газдандыру ісін, ме­дициналық қызмет көрсету саласын дамытуға қатысты мәсе­лелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бо­йын­ша тараптар Қазақстан мен Ресейдің «Байқоңыр» кеше­нін және ғарыш саласын бірле­сіп пайдалану жөніндегі ынты­мақтастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендіктерін атап көрсетті.