09 Шілде, 2016

Бетбұрыс

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_0695 «Қазцинкмаш» ЖШС импортты алмастыратын өнім өндіруде Биыл риддерлік машина құ­ры­лысы мамандары өндіріс көлемін арттыруды және импорт­ты алмастыру бағдарламасы бо­йынша жаңа өнім түрін иге­руді қолға алды. Қаладағы «Қаз­цинкмаш» ЖШС кәсіпорыны техникалық тұрғыдан қайта жа­рақ­тандырудың ауқымды жобасын жоспарланған мерзімде жү­зеге асырып, үдемелі индус­трия­лық-инновациялық даму бағ­дарламасының алғашқы бес­жылдығының ең белсенді қаты­сушыларының бірі болды. Атал­ған жайт кәсіпорынның бүгінде шетелдік әріптестермен бірге іске асырып жатқан ірге­лі жо­ба­ларына иек артуына мүмкін­дік сыйлады. – Биыл біз алдымызға үл­кен мақсат қойдық, – дейді «Қаз­цинк­маш» ЖШС директоры Алек­сандр Анчугин. – Яғни, ішкі жә­не сыртқы нарықта сұранысқа ие жаңа өнім түрін шығару есе­бінен өндіріс көлемін 10 пайызға арттыруға қол жеткізуді көздеп отырмыз. Жуырда «қазцинкмаштық» машина жасаушылар ерекше тап­сырысты орындады. Атап айт­қанда, Шығыс өңірінің Бо­ро­­дулиха ауданына қарасты Жез­кент кентіндегі Орловский байы­ту фабрикасының кенші­леріне арналған домалақ диірмен тасы іспетті тартқыштың ірі ау­қымдағы бөлшегін жөнелтті. – Мыс кенін байыту үдерісіне қолданылатын бұл өнімнің дайын күйіндегі салмағы 25 тоннаны құрады. Ал біздің қос пешіміздің әрқайсысының мүмкіндігі 10 тоннадан ғана болатын. Сондықтан, оны алдын-ала жаңа сызбалар жасау арқылы қайта жөндеуден өткізуге тура келді. Тор арқылы босатылатын домалақ диірменнің (4,5х6м) кеспелтек қабырғасын дайындауға екі ай уақыт жұмсалды, – деді кәсіпорын жетекшісі. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»