09 Шілде, 2016

Ақпараттар ағыны

238 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
241
  • Қазақстанда мерзімі өтіп кеткен жалақы қарызының көлемі 2,7 есеге төмендеді. Сөйтіп, ол 276 миллионнан 10 миллион теңгеге дейін азайды. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенованың айтуынша, бұған мемлекеттік еңбек инспекторларының қызметі себепші болған. Мәселен, 4 мыңнан астам тексерулер кезінде 6 мыңнан астам еңбек заңнамасын бұзушылық анықталған.
  • Ұлттық экономика министрі қалалы жерлерде шағын несие беруді арттыруды ұсынды. Мұны көтерген Қуандық Бишімбаевтың айтуынша, Елбасы тапсырмасымен алдағы уақытта бірқатар маңызды шараларды қамту көзделеді. «Біріншіден, еңбек ресурстары артылатын, ауылды жерлерден жастар көбірек ағылатын қалаларда  шағын несие беруді дамыту керек», – деді министр. Осы арқылы қалаға келген жастар жұмыссыздар қатарын арттырмай, кәсіпкерлікті дамытуға да мүмкіндік алулары тиіс.
  • Биыл 4 облыстағы 183,4 мың гектар жерде суландыру жүйелерін қалпына келтіру жобасы жүзеге асады. Су сіңіру және суландыратын жерлерді қалпына келтіру мақсатында биылғы жылдың маусым айында Ислам даму банкі мен Еуропа Қайта құру және Даму банкінен мемлекеттік кепілдік есебінен 106 млрд. теңге (314,1 млн. АҚШ доллары) құрайтын жобаларды жүзеге асыруға қарыздар тарту бойынша жос­пар қабылданды.
  • Алматыда арықтар желі­сін жөндеуге 600 мил­лионға жуық теңге бөлінеді. Оңтүстік астанада көбейген нөсер жауын­дар арық желісіндегі кемші­лік­терді айқын көрсетіп берді. Қа­лада арық желісінің 50 пайызы қанағаттанарлықсыз күйде. Осы­ған байланысты, 495 млн. теңгеге 18,2 шақырымдық арық желісіне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланды.
  • Полиция Астана күнінде жоғалып кеткен қыз бен оның екі жасар інісін тауып алды. «Елорда полицейлері Алматы ІІД қызметкерлерімен бірлесе отырып, жоғалып кеткен балаларды Алматы автовокзалынан тауып алды. Олар Алматы қа­ла­сының ІІБ-не жеткізілді. Оқи­ғаның мән-жайы анықталып жа­тыр», – деді Астана ішкі істер де­пар­таменті баспасөз қызме­ті­нің жетекшісі Софья Қылыш­бекова.
  • «Қазақстан балалар көзімен» атты жас суретшілер байқауы өтті. Отан-анаға деген сүйіспеншілікті дәріптеу мақсатында өткізілген конкурсқа 3 мыңнан аса шығарма келіп түскен. Кеше солардың ең таңдаулылары үздік марапатқа ие болды. Гран-при иегері атанған қарағандылық Анель Имишова бас қаланың кереметтілігін өз қаламына арқау етіпті.
Хабарлар Үкімет және облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі, «Хабар» телеарнасы материалдары бойынша дайындалды