09 Шілде, 2016

Маңызды мәселелерге мән берілді

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
09-07-2016 shigis «Нұр Отан» партиясының Мәжі­ліс­тегі фракциясының мүшелері, Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары Бақыт­жан Ертаев, Евгений Козлов және Нұр­тай Сабильянов жұмыс сапарымен Шы­ғыс Қазақстан облысында болды. Бақытжан Ертаев пен Евгений Козлов ең алдымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында әділет саласының және Ауған соғысы ардагерлерінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа Жолдауы мен «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы тақырыптарында кеңінен сөз қозғалып, жүзеге асу деңгейіне көңіл бөлінді. Әрі қарай, Мәжіліс депутаты Евгений Коз­лов сайлаушылардың үйлерін аралап, өске­мендіктерді алаңдатып отырған мәселелер, сол қатарда, партияның сайлауалды бағдар­лама­сының басты аспектілері жайлы сөз қозғады. Ал Бақытжан Ертаев осы күні Аягөз ау­да­нындағы жаңадан салынып жатқан шағын ет комбинатының жұмысымен танысып, өнім өң­деу мен өткізуде қандай мәселелер барына назар аударды. «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Аягөз ауданына қарасты Майлин, Ақшатау, Ақшәулі, Бидайық, Мыңбұлақ, Өркен және басқа да бірнеше ауылда болып, 400-ден астам ауыл тұрғынымен кездесу өткізді. Мұндай кездесу теміржолшылар қауымымен де жалғасты. Барлық басқосуда «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары  бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар әңгімеленіп, сайлаушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Аягөз тұрғындарымен кездесу кез­дерінде көтерілген сұрақтардың кейбірін атай кетейік. Олар: әлеуметтік-экономи­калық мәселелерді шешу барысында кезде­сетін түрлі жағдайлар, жастарды жұмыспен қамту, игерілмей жатқан жер телімдерін қайта қарау, тері мен былғары өңдеу, зей­нетақының төменгі деңгейін көтеру, мем­лекет қаржысына салынып жатқан құры­лыстарды қатаң бақылау, ауыз су және өзгелер. Осы сұрақтардың ішінде көпшілік­тің көкейкесті мәселесі ретінде жолдарды күрделі жөндеуден өткізу жайы жиі аталды. «Біздің елімізде кеңінен жүргізіліп жатқан реформалардың негізгі міндеті – әр қазақстандықтың өмір сүру сапасын жақсарту. Соған қарамастан, шешімін таппай жатқан мәселелер де кездеседі. Ондайларды ашық айтыңыздар, өзім жеке бақылауыма алатын боламын», – деді Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»