09 Шілде, 2016

Көнеден сыр шерткен

309 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
BAL_9781 Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әс­кери-тарихи музейінде венгриялық фотосуретші Бела Бернолактың «Будапешттің 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі дамуы» атты фотокөрмесінің ашылу рәсімі өтті. Фотосуретші Бела Бернолак 1967 жылы Будапешт қаласында туған. Әкесінен мұра еткен фо­тоөнерге деген махаббаты мен суретке түсіру өнерінің дағ­ды­лары оны бүгінгі биікке жетелеген. Бела Бернолактың еңбектері Будапешт қаласының полиция басқармасының резиденциясында, мемлекеттік мекемелер мен Будапешттегі балалар темір-жолы стансасы қабырғаларының сәнін кіргізіп тұр. «Будапешттің 1945 жылдан бүгінгі күнге дейінгі дамуы» атты фотокөрме Буда­пешт полициясының, жедел жәрдем қызметкерлерінің, өрт сөндірушілердің және тө­тенше жағдай қызметі жұ­мыс­шыларының күнделікті еңбектерін бейнелейді. Автордың туындылары Будапешт қаласының әсемдігі мен дамуын ғана емес, сонымен бірге, соғыстан кейінгі жыл­дар­дағы Венгриядағы бірлесу, бостандық алу күресін, қайта жаңғыртулардың қиын жолдарын көрсетеді. Фотосуретшінің кейбір жұмыстары Парламент ғимаратының төбесінен, Ко­рольдік сарайдағы Ұлттық Га­ле­реяның төбесінен және өтуге тыйым салынған жерлерден түсірілген. Айтулы шараға еліміздің қоғам, ғылым мен мәдениет қайраткерлері, Қорғаныс ми­нистрлігінің басшылары, Қа­зақстан Республикасындағы Вен­грия елшілігі істеріндегі Уақытша сенімді өкілі Шандор Дороги мырза және автордың өзі қатысып, көнеден сыр шертер көрменің мәні мен маңызына тоқталып өтті. Рауан ҚАЙДАР, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ