09 Шілде, 2016

Жүргізушісіз жүретін автобус

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
08-07-2016 Жапония Технологияның отаны саналатын Жапонияда тағы бір тың дүние жасап шығарылды. Өз­дігінен жүретін, жүргізушіні қажет етпей­тін көліктер бір кездері бейнебір елес сияқты көрінетін еді. Енді, міне, ол да шындыққа айналғандай. Күншығыс елінде инженер мамандары тек электр қуатымен әрі адамның басқаруынсыз қоз­ғалатын шағын автобус­тар құ­растырып шығарды. С­ало­нына барлығы 12 адам сия­ды. Сонымен қатар, оның ішіне қарт кісілер мен мүмкіндігі шек­теулі жандарды мінгізіп, түсіруге арналған арнайы құрылғы ор­натылған. Мәліметтерге қара­ған­да, сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ал GPS навигациясы арқылы артқа қарай қозғалады. Жаңадан шыққан көліктер алды­мыздағы тамыз айынан бастап халыққа қызмет көрсетуді бастайды. Толық тәжірибеден өткеннен кейін билік 2020 жылы Токио Олимпиадасына келгендерді дәл осы қоғамдық көлікпен тасы­мал­дамақ ниетте. Айта кетейік, Жапонияда осыдан бірер жыл бұрын дәл осыған ұқсас жүк көліктері сынақтан өткен. Жүргізушісіз жүретін көліктер сынақ барысында бір сызықты бойлап, бірдей аралықты сақтап, бірнеше сағат бойына 80 километр жылдамдықпен жүріп отырған. Бұл ережелерді сақтау үшін арнайы жүйе орнатылыпты. Әр көлікке бақылаушы адам отырып, қойылған жүйенің қаншалықты жүзеге асқанын тексерген екен. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»