09 Шілде, 2016

ӘЛЕМ-ЖӘЛЕМ ӘЛЕМ

271 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
08-07-16-trampДональд Трамптың күйеу баласы – партизандар ұрпағы АҚШ президенттігіне үміткер, миллиардер Дональд Трамптың Иванка есімді қызы белорус партизанының немересіне күйеуге тиген болып шықты. The New York Observer газетіне берген сұхбатында Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер күтпеген жерден өзінің Гродно облысындағы Новгрудок қаласында туып-өскен байырғы партизанының тікелей ұрпағы екенін айтып берді. Оның атасы мен әжесі 1943 жылы белорус ормандарының бірінде табысыпты.   Адамның ең жақын досы ешкі ме? Лондонның королева Мария университетінің биологтары ешкілердің қабілеттері иттер мен жылқылардан ешбір төмен емес деген тұжырым жасады. Ғалымдар тәжірибе жасау барысында ешкілердің үй жануарлары ішіндегі ең ақылдыларының бірі екеніне көз жеткізіпті. Олар қашанда адамдардың әртүрлі әрекеттеріне жауап қайтарып, оларға қиын кездерде көмекке келе алады. Ешкілер адамның көңіл-күйіне қарай өздерін де өзгертіп тұрады. 08-07-16-sobakaИттердің үйлену тойы иесіне 2000 фунтқа түсті Ұлыбританияда тұратын бір әйел өзінің екі итін үйлендіріп, сол шараға 2000 фунт стерлинг ақша жаратты. Әйелдің ши-цу тұқымдас иттерін жақсы көретіні соншалық, ол бұларды үйлендіруді орасан зор шоуға айналдырып жіберіпті. Мұны ол тойдың барлық салт-дәстүрлеріне сай жасап шыққан. Атап айтқанда, қалыңдыққа ақ көйлек, күйеу жігітке қара смокинг кигізген. Тіпті, тойдың арнайы торты мен әшекейлері де болыпты. Былайша, бәрін адамдардың тойларындай етіп ұйымдастырған. Жомарт әйел өзінің тәрбиесіндегі иттерінің бұл тойына 2000 фунт ақша шығарыпты. Ал «бақытты жұптың» аттары Элвис және Белла болып келеді. Олардың Белвис деген күшіктері де бар көрінеді.     Бір сабақ жүзімнің бағасы - $10 900 Жапонияда бір сабақ жүзім 11 мың долларға жуық ақшаға сатылып, тағы бір әлемдік рекорд тіркелді. Елдегі супермаркеттердің бірінің қожайыны 30 дана жүзімнің әрбіріне 360 доллардан ақша төлеп, оның сол сабағы үшін 11 900 доллар қаржы шығаруға мәжбүр болған. Ал ерекше тәтті дәмі бар жүзім «Лағылды римдіктер» деп аталады. Ол Жапонияның Исикава префектурасында өсіріліп, бірінші рет саудаға шығарылып тұр екен. Өткен жылы бұл елде екі дана қауын 12 мың долларға сатылған болатын. 08-07-16-kitayanka61 жасында балпанақтай ұл туған Қытайдың Чжэдзян провинциясында тұратын 61 жас­тағы зейнеткер әйел перзентті болды. Бұған Чан есімді әйел мен оның 66 жастағы күйеуі 30 жасар қыздары ауыр науқастан қайтыс болғаннан кейін барған. Олар қолдан ұрықтандыру жолымен балалы болуға шешім қабылдапты. Чжэдзян университеті жанындағы аурухана аға акушерінің айтуынша, Чан осылайша аймақтағы ең жасы үлкен ана болып отыр.   Жас жұбайлар су астында жүзік алмасты Ресейдің Нижний Новгород қаласында тұратын Павел және Елена Сидневалар өздерінің үйлену тойын алдында жүзік алмасу рәсімдерін 10 метрлік тереңдіктегі су астында өткізді. Қазір Павел суда жүзу нұсқаушысы болып жұмыс істейтіні, ал Еленаның екі жылдан бері дайвингпен айналысатыны белгілі болып отыр. Олар Автозаводск АХАЖ-ына тіркелгеннен кейін Версмен ауданына аттанып, суы керемет таза Ключик көліне түскен. Мұнда талай мәрте түсіп келген Павел бұл жолы қалыңдығын соңынан ерткен. Рас, олар су астында бір-бірлеріне шын емес, фольгадан жасалған жүзіктер кигізген. 08-07-16-korova«Жолы болғыш» сиырды жай оғы да жайрата алмады Австрияның Зальцбург қаласының түбіндегі фермада табынның 19 сиырына бір мезгілде найзағай түсті. Солардың 18-і бірден тіл тартпай кетсе, біреуі ғайыптан тайып, тірі қалған. Бір қызығы, аман қалған сиырдың лақап аты неміс тілінен аударғанда, «Жолы болғыш» екен. Бас бақташы Георг Бухеггердің айтуынша, оқиға сиырлар жауыннан қашып, алып шырша ағашының түбіне тығылған кезде орын алған. Сол кезде дараққа жай түсіп, 18 ірі қара бірден өліп кеткен. Ал «Жолы болғыш» деген аты бар сиырға титтей де залал келмеген.   Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде дайындалды