09 Шілде, 2016

Астанада жауынгерлік күреске арналған жиын өтті

677 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_50584" align="aligncenter" width="700"] Фото: Жауынгерлік күрес федерациясының президенті Халық Қожахметов[/caption] Астанада еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығына орай «Қазақтың жауынгерлік күресі: тарихы, әдістемесі, техникасы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ғылыми форумды Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және жауынгерлік күрес федерациясы ұйымдастырды. Конференцияның мақсаты - осы төл спорт өнерімізді жандандыру және дамыту. Бұл күрес түрінің тарихы тым ертеден басталады. Оған тастағы таңбалар мен суреттер, фольклорлық-этнографиялық материалдар, жазбаша және архив дерек көздері куә. Жауынгерлік күрес федерациясының президенті Халық Қожахметовтың айтуынша,  конференцияда күрестің осы түріне қатысты көптеген мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Жауынгерлік күрес: кеше, бүгін, ертең», «Жауынгерлік күрестің даму теориясы, тарихы» тақырыптарында баяндамалар жасалды. Онда күрестің этнографиясы, педагогикасы, психологиясы,  философиясы, ғылыми зерттеу барысы туралы мәселелер сөз болды. Жиында жауынгерлік күрестің ережесінің дамуы, киімі, төрешілік жасау, жарысты ұйымдастыру мен өткізу мәселелері де кеңінен талқыланды. «Қазіргі кезде жауынгерлік күресті дамытуды қолға алып жатырмыз. Оны насихаттап, елге көрсетіп, таныту керек. Осыған байланысты күрестің әдістемесі, техникасы, күресті дамытудағы дене шынықтыру және спорт саласының, жарнамалауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі туралы әңгіме қозғалды», деді ол. Конференция жұмысына белгілі ғалымдар, қоғам қайраткерлері, спортшылар, магистранттар мен докторанттар, сонымен бірге ақпарат өкілдері қатысады. Дастан КЕНЖАЛИН Фото: Жауынгерлік күрес федерациясының президенті Халық Қожахметов [caption id="attachment_50585" align="aligncenter" width="700"] Фото: Жауынгерлік күрес федерациясының президенті Халық Қожахметов[/caption] [caption id="attachment_50586" align="aligncenter" width="700"] Фото: Жауынгерлік күрес федерациясының президенті Халық Қожахметов[/caption]