10 Шілде, 2016

Анталья жұрты ресейліктерді гүл шоқтарымен күтіп алды

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-07-16-kokteil

Кеше, 9 шілде күні кешке түріктің Анталья қаласының аэропортына барып түскен ресейлік туристерді жергілікті жұрт гүл шоқтарымен және коктейльмен күтіп алды. РИА «Новости» агенттігінің хабарлауынша, жеті айдан бері бірінші рет қайта келген Ресей туристерін мұндағылар көптен күтіп жүргендерін білдірген. Мұндай жылы шуақты қарсы алуды 189 ресейлік азамат көрген. Anadolu агентігінің мәліметінше, Анталья губернаторының орынбасары Мехмет Явуз осы кездесуге арнайы келіп, сөз сөйлеген. Ол өз сөзінде «Россия» авиакомпаниясы алып келген ұшақ чартерлік рейс болмағанын айтты. Рейс бұдан бұрын рұқсат етілген туристік пакет бойынша жеткен болып шықты. Ресей президенті Владимир Путин Ресей-Түркия қарым-қатынасы жақсара бастауына байланысты 30 маусымда Түркияға чертерлік жолмен турист таситын ұшақтар мен турларды сатуға рұқсат берген болатын. Мұрат АЙТҚОЖА.
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше