«Аңсаған» кен орны Атырау облысының Жылой ауданында орналасқан. Анықталған мұнайгаз қабаты Теңіз кен орнынан да өте тереңде орналасқан.
«Кен орнының ықтимал қоры жоғары бағаланып отыр және болжанған көмірсутек ресурстарын растауға кең көлемді геологиялық барлау жұмысы бағытталды», – деп атап өтілген хабарламада.
Алдағы уақытта «Аңсаған» кен орнында бағалау жұмысын жүргізу, іргелес аумақтарда геологиялық барлау жұмысын кеңейту көзделіп отыр.