Фото: astana.gov.kz[/caption]
Бүгін қала басшысы Әсет Исекешевтің төрағалығымен азық-түлік бағасын тұрақтандыру мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті. Оған қалалық өкілетті органдардың, статистика департаментінің, Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополиялар және бәсекелестікті қорғау комитетінің, «Қазагромаркетинг» акционерлік қоғамының өкілдері, сондай-ақ, елорданың ірі кәсіпорындарының басшылары қатысты. Кеңес барысында Мемлекет басшысының Астана қаласында азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауға бағытталған шаралар талқыланды.
Әсет Исекешев әлеуметтік-маңызды тауарлардың, соның ішінде нан, жарма және қанттың бағасын ұстап қалуға бағытталған бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Күн сайын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізу, сауда орындарының санын арттыру, автодүкендер ашу туралы шешім қабылданды.
Осыған байланысты еліміздің бірқатар өңірлерімен ауылшаруашылық өнімдерін тікелей жеткізу туралы келісімге қол жеткізілді. Сонымен қатар, қала басшысы азық-түлік тасымалдаушы көліктерге «жасыл дәлізді» қамтамасыз етуге тапсырма берді.
Жәрмеңкеде сатылатын өнімдер ассортименті де кеңейтілмек. Ет және сүт өнімдерін тексеруге арналған мобильді зертханалар орнатылады. Қалалық әкімдіктің өкілдері жәрмеңкелердегі бағаны ұдайы бақылауда ұстайды. Ал аталған комитет тұрақты түрде мониторинг жүргізетін болады.
Осы мәселе бойынша қабылданатын шараларды үйлестіру үшін Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукиннің жетекшілігімен жедел штаб құрылды. Елордада азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қала басшысының жеке бақылауына алынды.
Аян ӘБДУӘЛИ
• 22 Шілде, 2016
Астанада азық-түлік бағасына қатысты мониторинг жүргізіледі

Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28
Германияға мұнай тасымалдау көлемі 730 мың тоннаға жетті
Экспорт • Бүгін, 15:57
Түркістандағы «Келешек» мектебінде оқушылар мұзда сырғанауды үйреніп жүр
Аймақтар • Бүгін, 15:43