22 Шілде, 2016

Ұлттық экономика министрі мен Астана әкімі базарларды аралады

258 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев қаладағы базарларға барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларымен танысты. Олар «Шарын», «Шанхай», «Шапағат» базарлары, «Еуразия» сауда орталығы мен «Магнум» супермаркетінің сатушыларымен әңгімелесті. Базарлар мен дүкендерді аралап болғаннан кейін Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев: «Бүгінгі күннен бастап өнімдер бағаларының негізсіз көтерілуі туралы барлық фактілер мен өтініштер бойынша тексеріс басталады. Әсіресе әлеуметтік маңызды тауарларға қатысты тексерістер болады. Ол еліміз бойынша жүргізіледі», деді. [caption id="attachment_52642" align="aligncenter" width="700"]???????????????????????????????????? Ұлттық экономика министрлігі[/caption]  Дастан КЕНЖАЛИН